• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Илья Ильин қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп жүр (ВИДЕО)

    Ауыр атлет Илья Ильин Instagram парақшасында Милана есімді қызын туған күнімен құттықтап, видео жариялады. Соңғы кезде ол қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп жүргенін айтты. Видеода ауыр атлет 14 жасқа толған Миланаға зор денсаулық пен бақыт тіледі. Мен бүгін бақыттымын. Бүгін — Милананың туған күні!  Ол 14 жасқа толды. Милана, жаным мен сені сүйемін. Туған күніңмен құттықтаймын! Мен сені жақсы көремін, ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты аясында 17 қарашада Сан-Марино командасымен және 20 қарашада Словения құрамасымен болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, ...

    Read More »

    VI жазғы Спаракиада:  боксшылар қарсыластарын анықтады

    13-19 қараша аралығында бокстан Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде өтетін VI жазғы Спартакиаданың жеребе тарту рәсімі өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысының боксшыларынан басқа өңірлер мен Астана, Алматы және Шымкент қаласынан  177 спортшы қатысады. Боксшылар 13 салмақта, атап айтқанда, 46-48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92,+92 келіде  жеңімпазды анықтайтын болады. Бұл жарыста 2020 жылдан кейін ...

    Read More »

    Рыбакина үшін бар жағдайды жасап жатырмыз — Теннис федерациясы

    Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысқан ел құрамасының ойынын қорытындылады. Ол Теннис федерациясының атынан Қазақстанның әйелдер  құрамасының Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы сәтсіздігін түсіндірді. Федерацияның вице- президенті Қазақстан теннис құрамасының «Билли Джин Кинг кубогының» финалдық кезеңіне жақсы ойыншылармен барғанын айтты.  Оның айтуынша, шын мәнінде Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне әлемнің үздік ...

    Read More »

    Бүгін Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады

    Бүгін Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан  чемпионаты басталады. Ел чемпионаты 12 мен 15 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы (ерлер 320, әйелдер 144) қатысады. Жарыс кестесінің алғашқы күні ...

    Read More »

    Экономикалық даму – болашақтың қайнар көзі

    «Теңізшевройл» — заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты компания қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, еліміздің экономикасының дамытуына айтарлықтай үлес қосып келеді.  Тұрақты даму трендін қалай құрды? Теңізді игеру жөніндегі «Ғасыр келісіміне» қол қойылғанына тура 30 ...

    Read More »

    Түркі универсиадасының чемпиондары анықталды

    Түркістанда II Түркі универсиадасы аяқталды. Оның жабылу салтанаты Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды, деп хабарлады Bassport.kz. Іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, универсиадаға мемлекеттердің делегациясы, университеттің студенттері мен оқытушы-профессорлары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан студенттері үздік атанды. Футзалдан Қырғызстан командасы чемпион атанды. Өзбекстан шахматтан бас жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестен Қазақстан кқш бастады. ...

    Read More »

    Премьер-министр паралимпиадашыларды Азиададағы жеңісімен құттықтады

    Премьер-министр Әлихан Смайылов 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты. Жарысқа Қазақстан атынан 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысты. Нәтижесінде ел құрамасы 41 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Медаль саны бойынша Қазақстан 44 қатысушы ел арасында 11-ші орынға ...

    Read More »

    Рыбакина Билли Джин Кинг кубогы турниріне қатыспауы мүмкін

    Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасында Билли Джин Кинг кубогы үшін турнир басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр.   Кеше ұлттық құрама Австралия командасымен алғашқы ойынын ойнады. Өкінішке қарай, бұл матчқа еліміздің бірінші және әлемнің тқртінші ракеткасы Елена Рыбакина қатыса алмады. Ол денсаулығына байланысты кортқа шыға алмағанын айтты. Бұл туралы құрама команданың капитаны Ярослава Шведова айтты. Мексиканың Канкун қаласындағы турнир ...

    Read More »

    Каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

    Алматыда WKF каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы XXI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарысқа сары құрлықтың 30-ға жуық елінен 600 татами шебері қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта Қазақстан спортшылары 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастаса, үздік үштікті ...

    Read More »