• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: шілде 2025

    WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен үш жүлде алды

    Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирінде отандастарымыз үш медальді жеңіп алды. Бұл жүлденің бәрі – қола медаль. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осы жас санатында Арайлым Сапабек те ½ финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға 2:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін Нұрдәулет Азаматұлы (U13) ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалда өнер көрсетті

    Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары акробатикалық жаттығумен жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Анна Павлецова, Жания Жиенғазы өнер көрсетті. Іріктеу кезеңі. 25 команда 1-орын. Қытай — 229.0186 ұпай 2-орын. Бейтарап спортшылар — 224.7291 3-орын. ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» айласын асырды

    «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, алаң иелері Қобыланды батыр стадионында 11 жылдан бері алғаш рет жеңісті тойлады. Бұған дейін «Ақтөбе» Еурокубок аясында соңғы рет 2014 жылдың 23 шілдесінде жеңіске («Динамо» (Грузия) жеткен болатын. Ал бүгінгі ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда да ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» мен «Зимбру» тең түсті

    UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың бірінші таймында қонақтар бірінші болып есеп ашты. 45-минутта Гай Дахан гол салды. Екінші таймның 56-минутында «Астана» сапынан Иван Башич алаң иелерін жеңілістен құтқарды. Енді келесі ойын 31 шілдеде болады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Дзюдошылар Универсиадада қола жүлдені иеленді

    Германияда өтіп жатқан Универсиадада дзюдодан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Бірінші күні спортшылар финалдық кезеңге жолдама алып, үшінші орыннан көрінді. 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңсе, 66 килоға дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев Украинаның өкілі Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Самирхон Абабакиров Универсиадада екінші медалін жеңіп алды

    Таеквондодан Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан Универсиададағы жарыстарын аяқтады. Универсиаданың соңғы күні ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдені жеңіп алды. Әйелдер құрамасы командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы мен Нұрай Хусвинова ел құраамсына медаль сыйлады. Қазақстан аралас командалар арасында да үшінші орынды иеленді. Самирхон Абабакиров, Қабылан Бейбарыс, Назым Махмұтова мен Айдана Сүндетбай жүлдегер атанды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ...

    Read More »

    Футзал: Қазақстан кубогы топтық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

    Биылғы футзалдан Қазақстан кубогының топтық іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі болды, деп хабарлады Қазақстан футзал қауымдастығы. Турнирге 16 команда қатысады. Олар төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында болады. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында өтеді. А тобы: «Қайрат», «Елім-ай», «Ордабасы», «Каспий» B тобы: «Ақтөбе», «Омега», «Астана», «Атырау» C тобы: «Аят», ...

    Read More »

    Елімізде спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілуде

    Елімізде алғаш рет спорттық білім беру жүйесінде кадр даярлаудың жаңа санаттары енгізілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бұған дейін оқыту тек мектептегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы аясында жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылды. Бұл – елімізде спорт мамандарын даярлауға жүйелі әрі ғылыми тәсіл қолданудың алғашқы қадамы. Дене ...

    Read More »

    Самирхон Абабакиров — ХХХІІ Дүниежүзілік Универсиаданың чемпионы!

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров Германияда жалауы желбіреген ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды.   Ол финалда 63 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Түркияның өкілі Омер Фарук Дайыоглуны 2:0 есебімен (12:11, 11:3) жеңді. Қолда бар мәліметке қарағанда, Абабакировтың бұл алтын жүлдесі  биылғы Универсиадада Қазақстанның қоржынына түскен алтыншы медаль. Оған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасынан жеңілді

    Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Финляндияның «КуПС» командасымен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың екінші таймының 49-минутында Мохамед Туре «Қайрат» қақпасынан дәл көздесе, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голдың авторы атанды. Енді екінші ойын 29 шілдеде Алматыда болады. Егер «Қайрат» өз алаңында «КуПС» командасын жеңсе, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турнирінде «Слован» (Словакия) мен «Зриньски» ...

    Read More »