Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Магрупова финалға шықты. Ол техникалық жаттығуда 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Бұл нәтиже финалға қатысуға мүмкіндік берді. Осы жарыста әлемнің 35 елінен келген спортшылар жүлдеге таласып, 12 адам ғана финалға жолдама алды. Финал 19 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Monthly Archives: шілде 2025
Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші сатыға шыға алмады
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен екінші матчын ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы және бірінші ойынның нәтижесінен кейін Ақтөбе қаласының командасы Еуропа лигасымен қоштасып, Конференция лигасына түсіп қалды. Бірінші ойында да отандастарымыз қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңілген болатын. Екінші матч 0:0 болып аяқталар еді. Ойынның негізгі уақытына бір минут қосылғанда 91-минутта польшалық клубтан ...
Read More »Конференция лигасы: «Ордабасы» биылғы жарыспен қош айтысты
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасындағы ойындарын бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады. Оңтүстіктің командасы Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Соның кесірінен «Ордабасы» екінші айналымға шыға алмады. Себебі, Кутаисиде болған бірінші матчта алаңиелері Шымкенттің жасағын 4:3 есебімен жеңген еді. «Ордабасы» екінші ойында да жеңіліп қала жаздады. Бұл матчта бірінші болып қонақтар есеп ашты. 45-минутта «Торпедо» сапындағы Ираклий ...
Read More »Ақын Ордабайұлының мерейтойына арналған құрметке толы турнир
28 маусымда Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, С.Бердікұлов атындағы сыйлықтың иегері, Кордай ауданының Құрметті азаматы, белгілі спорт комментаторы, ақын—жазушы Ақын Ордабайұлы ағамыздың 60 жасқа толуына орай ардагерлер арасында футболдан турнир өтті. Бұл турнирге өзім де куә болдым. Турнирдің ашылу салтанатына Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазіргі Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, қазақ күресінің білгірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ...
Read More »Ботагөз Қапанова халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді
Таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстан таеквондо федерациясы. Ол жартылай финалда Қытай спортшысына есе жіберді. (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады. Жарыс әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын дода болып саналады.
Read More »Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Оралда болады
Футзалдан жаңа маусым Орал қаласында өтетін Суперкубок матчымен ресми түрде басталады, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. 23 тамызда ел чемпионы – Алматының «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері – «Семей» командалары өзара мықтыны анықтайды. Матч «Жайық арена» спорт кешенінде болады. Бұл ойынның ерекшелігі – футзал тарихында алғаш рет Суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында, су жаңа әрі ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» келесі қарсыласы анықталды
Алматының «Қайрат» футбол клубының UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Енді «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасымен ойнайды. «Қайрат» алғашқы ойынын 22 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 29 шілде қарсыласымен Алматыда жасыл алаңға шығады. Алматының клубы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түсіп, екінші матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» Еурокубок ойындарына соңғы екі жылда ғана қатысқан жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» келесі кезеңіне шықты
Алматының «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен екінші ойынын ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші матчта командалар 1:1 есебімен тарасқан еді. Сондықтан екінші ойында клубтарға келесі айналымға шығу үшін жеңіс керек еді. Осыған байланысты жасақтар жасыл алаңға шыға салысымен жан аямай ойнауға кірісті. Бұл жолы «Қайрат» өз алаңында бірінші болып есеп ашты. 5-минутта Жоржиньо ...
Read More »Максим Почивалов — стенд атудан халықаралық турнирдің жеңімпазы!
Мерген Максим Почивалов стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан GREEN CUP халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Ол «скит» жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын жүлдені жеңіп алды. Енді Қазақстан құрамасы «трап» жаттығуында, командалық сайыста және жекелей сында бақ сынайды. Турнирге 33 елден 400-ден аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 36 мерген өнер көрсетуде. Турнир 21 шілдеге дейін жалғасады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...
Read More »Қазақстан үстел теннисінен 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Алматыда ADD Ustel Tennis Ortalygy-да 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына жолдама үшін Орталық Азия елдерінің арасында іріктеу турнирі болды. Орталық Азия аймағынан жалғыз жолдама үшін Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан командалары ерлер мен әйелдер санаттарында сайысқа түсті. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов өз қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді. Соның нәтижесінде әлем чемпионатына жолдама алды. ...
Read More »