Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов квартеті сары құрлықтың басты жарысында Жапония құрамасына 36:35 есебімен есе жіберді. Есеп 31:31 болып тұрғанда шешуші дуэльде Эльмир Әлімжанов пен жекелей сынның жеңімпазы Коки Кано семсерлерін түйістірді. Бұл айқас та тең аяқталды ...
Read More »Семсерлесу
Семсерлесуден ӘЧ: Руслан Курбанов алғашқы жүлдені жеңіп алды
Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Руслан Курбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15:12 есебімен ұтып, командаластары арасынан алғаш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда ол венгриялық Мате Кохтен 10:15 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды. Екінші жартылай финалда Олимпиада және ...
Read More »Семсерлесу: Қазақстан құрамасы — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!
Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Финалда отандастарымыз Жапонияға жол берді. Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай 1/8 айналымда Филиппиннен 45:37 есебімен басым түсті. Сосын осы төрттік 45:40 есебімен Өзбекстан спортшыларын ұтты. Ал жартылай финалда құрылықтағы көшбасшының бірі Оңтүстік Кореяны ...
Read More »Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Қазақстан намысын Богдан Лукин, Георгий Линников, Александр Федотов, Ғабидин Мустафин қорғады. Жартылай финалда ұлттық құрама Египетке жол берді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Қырғызстаннан мықты болды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Отандасымыз семсерлесуден алтын жүлде алды
Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Бұл туралы Ұлттық семсерлесу федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды. Жарыстың бірінші күні спортшымыз Богдан Лукин семсерлесуден әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Жартылай финалда ол египеттік Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтып, финалда турнир иесі өзбекстандық Тимуров Мейірханды 15:12 есебімен жеңді. Мұстафин Ғабидин, Георгий Тинников пен София Ақтаева ...
Read More »Дұрыс қанаттанған түзу ұшады
Спорт – денсаулық кепілі десек, дене шынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі елдегі ілгері оқу жəне спорт ордасының бірі болып саналады. Бұл мектепте тəлім алып жатқан дарынды жасөспрімдер ...
Read More »Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстанның астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Семсерлесуден еліміздің әйелдер құрамасы командалық сайыста финалға жетіп, жарыс қожайыны Өзбекстанға есе жіберді. Есеп – 39:45. Ұлттық құрама сапында Александра Тамбовцева, Виктория Кайдарова, Ксения Тимашевская, Наталья Зинякова өнер көрсетті. Жекелей сында бақ сынаған спортшыларымыздың ешқайсысы жүлде ала алмады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Қазақстан құрамасы Әлем кубогында екі жүлде алды
Бүгін семсерлесуден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үздік үштікті түйіндеді. Бәсекенің соңғы, 2-күні командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко мен Әдемі Серікбайдан құралған ұлттық құрама Грузияны 45:17 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда онда Өзбекстаннан келген құрбыларына есе жіберді. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Болгариядан 45:37 есебімен басым түсті. Командалық турнирге ...
Read More »Елімізде алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
5-6 қарашада Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық семсерлесу федерациясының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет жасөспірімдер арасында семсерлесуден Әлем кубогы үшін турнир өтеді. Almaty Jastar Saber Cup турнирінің бірінші күні жекелей, келесі күні командалық сайыстың жеңімпаздары анықталады. Оған 10 елдің 50-ден астам спортшысы қатысады. Олардың 22-сі Қазақстан құрамасының спортшылары.Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жылы өтетін әлем және Азия чемпионатына қатысатын ...
Read More »