• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қоғам

    Ұры боксшының үйінен ақша толы сөмкелерін алып кеткен

    Бокстан IBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың үйіне ұры түсті. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыс сәтінде үй ауласында жүрген белгісіз ер адам видеоға түсіп қалған. Алайда ол капюшон киіп алғандықтан, кім екені әлі белгісіз. Осыдан бір күн бұрын Фируза Шарипова Малавиядан келген Рут Чисалемен өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына аттанған. Боксшының үйіне ұры түнде ...

    Read More »

    Атақты футболшы абақтыға қамалды

    Бразилия құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубы бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті әйел зорлады деген күдікпен ұсталды. Оны айыптаған бойжеткен полицияға оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарғанда ол бірден кеткісі келетінін айтқан. Бірақ бразилиялық оны жібермеген. «Мен оның есіктің артында тұрғанын білмедім. Тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым. Бірақ ол менен әлдеқайда ...

    Read More »

    Биыл 560 мың бала спорттық секциямен қамтылады

    Биыл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тегін спорт секциясымен немесе шығармашылық үйірмемен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына баса назар аударылады. Бұқаралық спортты, оның ішінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр мемлекеттік тапсырыс аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан ...

    Read More »

    Жаттықтырушы-оқытушыларға үстемақы енгізіледі

    Мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай әр категория үшін үстемақы енгізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты. Жиында министр спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін азаятынын атап өтті. Сонымен бірге мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін ...

    Read More »

    Алматыдағы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды

    Алматыдағы Республикалық спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Министрлікке келіп түскен түйткілді мәселелерді саралап, шешу жолдарын қарастырып жатырмын. Солардың ішінде маңыздысы – Алматыдағы «Республикалық спорт колледжі» жанындағы мектеп-интернаттың жұмысын қайта жандандыруға қатысты ата-аналар мен ұстаздар тарапынан түскен өтініштер. Былтыр аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ...

    Read More »

    Тимур Турлов президент Тоқаевпен кездесті

    Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады. Кездесуде елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнирлердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Тимур Турлов федарацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтуды, шахматты одан әрі дәріптеу ...

    Read More »

    Роналдо төртінші рет үйленді

    Бразилия құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлемнің экс-үздік футболшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) осымен төртінші рет үйленді. Ол бизнесвумен әрі модель Селина Локсмен шаңырақ құрды. Роналдо кезінде Голландияның ПСВ «Эйндховен», Испанияның «Барселона», Мадрид қаласының«Реал», Италияның «Интер», «Милан», Бразилияның «Коринтианс», «Крузейро», «Сан-Кристован», «Сосиал Рамос» клубтарында өнер көрсеткен болатын. Ол футболшы ретінде карьерасын футзалдан «Валкейре» деген командада бастаған. Роналдоның зайыбы косметикалық ...

    Read More »

    72 жастағы жиһангез жер шарын жаяу аралағысы келеді

    Қазақстанның бүкіл өңірін жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлем елдеріне саяхат жасауды ойластырып отыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. «Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және бұрын бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын ...

    Read More »

    ММА жауынгері пойыздан өлі табылды

    Аралас жекпе-жек жауынгері Георгии Гаглоев Ростове-на-Дону қаласында пойыз тоқтаған сәтте өлі табылды. Жас спортшы Мәскеуден Владикавказға бет алған, деп хабарлады «КрыльяTV». 24 жастағы жігіттің өліміне не себеп болғаны белгісіз. Ростов-на-Донуға жас спортшының туыстары жолға шықты, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ММА-да Георгий Гаглоев Саймумин «Метро Люблино» Мадиев, Ибрагим Ильясов, Лейва «Виллагра» Даниел Иван секілді спортшылармен айқасынан кейін аты шықты. Үш жекпе-жекте де ...

    Read More »

    «Спортмастерден» 260 мың адамның жеке мәліметі желіге тарап кетті

    «Спортмастердің» деректер базасы қолды болды. Соның салдарынан ТМД елдерінде спорт тауарларын сататын дүкендер желісі тұтынушыларының жеке дерегі желіге тарап кеткен. Оның ішінде 260 мың отандасымыз да бар. Мемлекеттік техникалық қызметінің мәліметіне қарағанда, дүкендер желісінен 2012-2018 жылдар аралығында тауар алған отандастарымыздың аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі мен электронды поштасы жалпақ жұртқа жария болған. «Спортмастер» компаниясы деректер базасындағы мәліметтерді мердігерлердің бірі таратып ...

    Read More »