Жақында Астанадағы Əлкей Марғұлан атындағы № 40 қазақ орта мектебінде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы қалалық филиалының кубогы үшін турнир өтті. Бұл жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарының 8 командасы қатысты. Онда Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы Астана қалалық филиалының «Жеңіс», «Егемен Қазақстан» газеті, «Хабар» агенттігі, «Қазақ Радиосы», «ҚазМедиа», «Sport 59», Kazsport пен «Атамекен» бизнес телеарнасының клубтары күш сынасты. ...
Read More »Басты тақырып
Футболдан Қазақстан кубогы үшін 1/8 финалының кездесулері өтті
Күтпеген нәтиже Талдықорғанда тіркелді. Онда бірінші лигада ойнайтын «Жетісу» командасы өткен жылғы ел чемпионы әрі кубоктың иегері «Астананы» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта есепті елордалық Абзал Бейсебеков ашқанымен, кездесу соңына таман алаң иелері әбжілдік көрсетті. 75-минутта Олег Хромцов таразы басын теңестірсе, 87-минутта Алексей Шакин жеңіс голын соқты. Сөйтіп қазақстандық маман Дмитрий Огайдың шәкірттері ешкімнен де қаймықпайтындықтарын танытты. Дегенмен бұл ...
Read More »«Арландардың» Қытайдағы айқасы тікелей эфирде көрсетіледі
Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландарының» кезекті «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін айқастарын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу 21 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Бұл «Астана Арландарының» топтық кезеңіндегі соңғы айқасы. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен сағат 17:30-да. Естеріңізге сала кетейік, бұл сында «арландар» сапынан 52 кило салмақта Анвар Мұзаппаров, ...
Read More »Kazsport хоккейден әлем чемпионатын көрсетеді
I дивизиондағы шайбалы хоккейден 2017 жылғы әлем чемпионаты 22-28 сәуір күндері Киевте (Украина) және 23-29 сәуір күндері Белфаст (Ұлыбритания) қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетеді. Эдуард Занковец шәкірттері Австрия, Польша, Оңтүстік Корея, Венгрия мен Украина құрамаларымен мұзайдында кездеседі. Үздік екі ұжым ТОП-дивизионға жолдама алады. «Kazsport» телеарнасы бұл чемпионат аясындағы Қазақстан құрамасының барлық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. Кездесулер кестесі: ...
Read More »