• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шықты

    Мажарстанның Будапешт қаласында шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур қалғанда элиталық дивизионға жолдама алды. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Мажарстан мен Австрия құрамаларымен сарапқа салып, ие болды. Осы дивизионда жастар құрамасы қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, алдымен айдын иелері – Мажарстанды 5:2, екінші ойында ...

    Read More »

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды (ФОТО, ВИДЕО)

    Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Матчты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады. Оның жанында WBO және IBF тұжырымы бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен ұлттық ...

    Read More »

    «Дала қырандары» турнирінің жалауы желбірейді

    17 желтоқсанында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Турнир 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгіндері бұл жарыс қазақ күресі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың біріне айналып үлгерді. Жарыс тек үздік балуандарды бір кілемде жинап қана қоймай, сонымен қатар ұлттық дәстүрімізді біріктіру арқылы қазақ күресінің ұлылығы мен тереңдігін көрсетеді. Биылғы ...

    Read More »

    Ига Свентек теннис ханшайымы атанды

    Халықаралық теннис федерациясының (WTA) шешімімен поляк спортшысы Ига Свентек 2023 жылдың үздік теннисшісі және Жер шарының теннис ханшайымы деп танылды. Бұл жүлдеге екінші жыл қатарынан беларусь Арина Соболенко, америкалық Кори Гофф, Джессика Пегула, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина мен чехиялық Маркета Вондроушова да үміткер болды. Биыл Ига Свентек «Ролан Гаррос» және WTA финалдық турнирлері мен Бейжің, Доха, Штутгарт пен Варшавадағы «Үлкен ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы футзалдан Қазақстан-Нидерланд матчын тамашалайды  — ҚФФ

    Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының  матчы болады. Матч сағат 20:30-да басталады. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, матчты тамашалауға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барады. Бұған дейін футболдан Қазақстан мен Сан-Марино командаларының арасындағы ойында футзалдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Пауло Рикардо Кака президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, оны футзалдан ...

    Read More »

    Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

    Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстанның жастар құрамасы Франция командасын 4:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне жетті. Бұған дейін жастар құрамасы Мажарстанды 5:2, Данияны 3:2 есебімен жеңген еді. Енді осы үш жеңістен кейін Қазақстан командасы  IA дивизионында көш бастады. Бұл дивизионда Сергей Старыгин жаттықтыратын жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

    Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының бұйрығымен бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары арасынан үш бірдей Олимпиялық ойындарға қатысқан жалғыз боксшы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келі салмақта көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған. Ол 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ...

    Read More »

    Ауылын көріп, азаматын таны (ФОТО)

    Сонау 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күндері алаңға шығып, бет қарыған сарышұнақ сара аязда ел тәуелсіздігі үшін жан беріп, жан алысқан Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhармандарының қазақ тарихында алар орны айырықшы. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздікті Желтоқсан батырлары жеңіп алып берді. Міне, сол қанды көтерілістен кейін желдей есіп 37 жыл да өте шықты. Кеше ғана жүрген өрімдей жастардың бүгін самайын ...

    Read More »

    Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауы болады

    Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 20 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлады. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік спортттық телевизиялық репортаж»; 2) «Үздік спорттық жарияланым»; 3) «Үздік спорттық фоторепортаж». ...

    Read More »

    Астанада боксшылар «мерекелік кешке» дайындалып жатыр

    15 желтоқсанда Астанада алғаш рет Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні IBА» — «Astana Arlans» турнирі болады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Кеште Қазақстан және шетелдің боксшылары жекпе-жекке шығады. 8 жекпе-жек 6 раундтан болады. Әр раундта былғары қолғап иелері 3 минуттан бокстасады. Кештің басты жекпе-жегінде 71 келі салмақта Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов ...

    Read More »