• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Аргентина

    Месси Аргентинаның командасына алтынмен апталған  iPhone-ге тапсырыс берді

    Аргентиналық футболшы Лионель Месси әлем чемпионы атанған ұлттық құраманың ойыншылары мен команданың қызметкерлеріне шамамен 210 мың долларға 35 алтын iPhone смартфонына тапсырыс берді. Бұл туралы The Sun хабарлады. Әрбір телефонда ойыншының аты, нөмірі және Аргентинаның логотипі жазылады. Басылымның хабарлауынша, футболшы кәсіпкер Бен Лайонспен хабарласып, екеуі бірігіп дизайн ойлап тапқан. Лионель әлем чемпионатының финалынан кейін бір-екі ай өткен соң бізге хабарласты. ...

    Read More »

    Аргентиналық футболшылар мен жанкүйерлер жыл үздіктері атанды

    Францияның астанасы — Париж қаласында The Best FIFA сыйлығын табыс ету рәсімі болды.   Салтанатты іс-шарада Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімімен Аргентина ұлттық құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшы Лионель Мессиге, 2022 жылдың үздік ойыншысы атағы берілді. Сонымен бірге Аргентинаның бас жаттықтырушысы  Лионель Скалони жылдың үздік бапкері деп танылса, осы елдің құрама командасы мен Англияның «Астон Вилла» клубының қақпашысы Эмилано ...

    Read More »

    Месси Түркия мен Сирияға қомақты қаражат жіберді

    Футболдан әлем чемпионы, Олимпиада және Оңтүстік Американың чемпионы, «Алтын доп» сыйлығының жеті дүркін иегері, «Алтын бутсы» наградасын алты рет алған Аргентинаның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси Түркия мен Сириядағы жір сілкінісінен зардап шеккен адамдарға 3,5 млн еуро көлемінде көмек жібергенін айтты.  Tiranapost басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы өзінің жеке қоры арқылы Түркия мен Сирияға көмек ретінде қомақты ...

    Read More »

    Лионель Месси үздік ойыншы атанды

    Аргентина мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Американың үздік ойыншысы атанды. Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған. Көш басында Лионель Месси тұр. Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынада: Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»); Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан ...

    Read More »

    Ағылшын футболы өз тарихындағы ең қымбат ойыншыны сатып алды

    Англияның «Челси» клубы аргентиналық Энцо Фернандесті Ағылшын премьер-лигасы (АПЛ) тарихындағы ең қымбат бағаға сатып алды. «Челси» клубы футболшы үшін Португалияның «Бенфика» командасына 121 млн еуро төлеген. Бұл туралы Португалия бағалы қағаздар нарығы комиссиясының сайтында хабарланды. Команда 22 жастағы ойыншымен 2031 жылдың жазына дейін келісімге қол қойған. Бұған дейін рекорд 2021 жылы «Манчестер Сити» сатып алған Джек Грилиш трансферіне тиесілі еді. ...

    Read More »

    Месси чемпиондардың чемпионы атанды

    Аргентина құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси L’Équipe басылымы өткізген сауалнаманың қорытындысы бойынша 2022 жылдағы чемпиондардың чемпионы атағына лайық деп танылды.   L’Équipe редакциясы журналистерінің айтуынша, бұл сыйлық жылдың ең үздік спортшысына беріледі. Рейтинг 4 желтоқсан күні аяқталған дауыс берудің нәтижесі бойынша жасалған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Лионель Месси 808 ұпай жинады. Франция құрамасы мен «ПСЖ-ның» шабуылшысы Килиан ...

    Read More »

    Аргентина халқы Мессидің ел президенті болғанын қалайды

    Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады. Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым ...

    Read More »

    Катар университетінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

    Катарда футболдан өткен әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының шабуылшы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналады. Катар университеті Аргентина құрамасының капитаны тұрған бөлмені шағын мұражайға айналатынын хабарлады. Чемпионат кезінде команда тұрған оқу орнының қалашығы Аргентина туы түстес – көк және ақ түстермен безендірілді. Онда әлем чемпиондары бейнеленген плакат, олардың қолтаңбалары бар футболкалар қойылды. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны (негізгі ...

    Read More »

    Месси «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды. Championat.com сайтының хабарлауынша, клубпен келісімшарт тағы бір маусымға ұзартылды. Мессидің «ПСЖ» командасымен келісімшартының мерзімі 2023 жылғы жазда аяқталуы тиіс болатын. Клуб президенті Нассер Әл-Хелаифи Катардағы әлем чемпионаты кезінде Мессидің әкесімен кездесіп, футболшының тағы бір маусымға қалатыны жөнінде ауызша келісімге келген. Енді Месси тағы бір маусым алаңсыз француз клубында ойнайды. ...

    Read More »

    Аргентиналық жанкүйер туға тұншығып көз жұмды

    Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымының мәліметіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан. Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста еді. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қалған. Қазіргі кезде ...

    Read More »