Астанада бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші кезеңі одан әрі жалғасып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрілігінің Спортты дамыту дирекциясы. Күндізгі сессияда әлем чемпиондары Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) өз қарсыластарын жеңіп, ширек финалға шықты. Ал 54 кг салмақта екінші жекпе-жегіне шыққан Әнел Сақыш Азия чемпионы Феруза Казаковадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. Кешкі ...
Read More »Tag Archives: бокс
World Boxing: Қазақ боксшылары келесі айналымға шықты
Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында отандастарымыз үшін Әлем кубогының бірінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күндізгі сессияда үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 кг) мен Әнел Сақыш (54 кг) сәтті дебют жасаса, өкінішке қарай, 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов қабағының жарылуына байланысты турнирді аяқтауға мәжбүр болды. Кешкі сессияда әлем ...
Read More »Бокстан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирге қатысатын ұлттық құраманың тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Ерлер: — Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Махмұд Сабырхан (55 кг) — Серік Теміржанов (60 кг) — Ертуған Зейнуллинов (65 кг) — Абылайхан Жүсіпов (70 кг) — Сабыржан Аққалықов (75 кг) — Нұрбек Оралбай (80 кг) — ...
Read More »World Boxing: Астанада бокстан Әлем кубогы сарапқа салынады
Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында Олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болады. Бұл додада ерлер мен әйелдер өз салмақ дәрежелерінде Әлем кубогын сарапқа салады. Оған 30 елден 300 боксшы қатысады. Өзбекстан турнирге қатысудан бас тартты. Қолда бар мәліметке қарағанда, Астанаға АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзербайжан, Австралия, Словакия, Норвегия мен Германияның боксшылары келіп отыр. Олар ...
Read More »Нидерландтағы турнирде бес қазақ боксшысы финалға шықты
Нидерландтың Эйндховен қаласында бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирі болып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын басталған додаға Қазақстан құрама командасы да қатысуда. Қолда бар мәліметке қарағанда, кеше ұлттық құраманың сегіз боксшы жартылай финалға шықты. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты. Жекпе-жектердің нәтижесі: 50 кг. Даниял Сәбит (Қазақстан) Редуан Ассаины (Бельгия) нокаутпен жеңді. 65 кг. Ертуган ...
Read More »Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесі үшін халықаралық бокс турнирі басталды (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIII халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов ...
Read More »Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Таиландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын. Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд ...
Read More »Астанадағы бокстан Әлем кубогына қатысатын құрамалар көбейіп жатыр
Астанада бокстан Әлем кубогына қатысатын құрамалар көбейіп жатыр. Қолда бар дерекке қарағанда, қазір 33 мемлекеттің былғары қолғап шебері жарысқа дайындалуда. Әлем кубогына жер-жүзінің үздік боксшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы бірінші құрамымен шаршы алаңға шығады. Әлем кубогы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен Әлем ...
Read More »U22 Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 41 алтын медаль алды
10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен U22 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы барлық салмақта 50 боксшыны апарып, 48 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. U22 Азия чемпионаты бойынша ТОП-3 мемлекет: Қазақстан — 41 алтын, 6 күміс, 1 қола медаль. Тәжікстан — 3 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде. Қырғызстан — 3 алтын, ...
Read More »Бокстан U22 АЧ: Қазақстан ерлер құрамасы 10 алтын жүлде алды
Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан U22 Азия чемпионаты ресми түрде аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Чемпионаттың соңғы күнінде ерлер арасында 13 салмақ дәрежесінде алтын медальдің иегерлері анықталды. Қазақстан құрамасынан тек 54 келі салмақта ғана есе жіберді. Бұл салмақта Кенже Мұратұлы ғана бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалса, басқа 12 салмақтағы боксшыларымыз чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде ...
Read More »