• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Геннадий Головкин

    Канелоның ізбасары Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

    Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) тағы да Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды. Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ сол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық спортшының айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді. Хайме Мунгияның айтуынша, ол  Головкинмен немесе Чарломен қолғап түйістіргісі келеді. Біздің менеджерлер осыларды көздеп отыр. Менде олармен жұдырықтасуға ...

    Read More »

    Головкин Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады. Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз! — деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасына. Еске салайық, қазақстандық боксшылар 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жетістікті қайталады. Ол кезде Қазақстан құрамасының төрт боксшы чемпион атанған еді. Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын медаль еншіледі. Финалға бес ...

    Read More »

    Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты

    Боксшысы Геннадий Головкин ресми түрде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпион атағын қорғап қалудан бас тартты. Matchtv.ru сайтының хабарлауынша, Головкин былтыр Жапонияда Риота Муратамен жекпе+жектен кейін WBA Super чемпионы атанып, орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сақтап қалған еді. Енді ол орта салмақтағы әлем чемпион атағын қорғап қалудан бас тартты. Оның себебін Головкиннің WBA-дағы өкілі Джон Хорнвер айтты. Ол Головкиннің Эрисланди ...

    Read More »

    WBA Головкиннен шаршы алаңға шығуды талап етті

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA)  орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге міндеттелді. Бұл туралы wbaboxing.com сайты хабарлады.  WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт берді. Яғни, Головкин мен Лараның командасы 8-23 ақпан аралығында өзара шарттарды ақылдасады.  Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін келісімге келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді. Генадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен ...

    Read More »

    Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен бас тартты

    Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белдігін қайтару туралы шешім қабылдады. Головкин осы атаққа үміткер, бразилиялық Эскиво Фалькаомен кездесуден бас тартты. Осылайша, ол бұл тұжырымдағы орта салмақ белдігін босатып берді. Енді Фалькао белдікті алу үшін австралиялық Майкл Зерафпен кездеседі деп жоспарланып отыр. Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті 2019 жылы Сергей Деревянченконы жеңіп алған еді.   Дастан ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы мықтылардың қатарында Головкинге жақындады

    The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалса, WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұрын үшінші орында тұрған Деметриус Андраде екінші орта дивизионға өтуіне байланысты рейтингіден шығарылды. The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың ...

    Read More »

    Алматыда Головкинді қолдауға арналған акция өтеді

    Алматыда 10 қыркүйек күні қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдамстыруымен «Медеу» спорт кешенінде кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегі алдында отандасымызды қолдауға арналған акция өтеді. «Медеу» спорт кешенінің директоры Николай Гребневтің айтуынша, акция Головкин мен Альварестің трилогиясының алдында, яғни айқасқа бір апта қалғанда өткізіледі. Головкин көп уақыттан бері еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатып келеді. ...

    Read More »

    Атақты қорғап қала алмадық

    Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Көптен күткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуі өтті. Елден аттанғанда сіздерден сүйінші сұраймын деген едім. Өкінішке қарай, жеңілістің кермек дәмін татып, жүрегім езіліп тұр. Әрине, бұл – спорт. Тағдырың жұдырықпен шешілетін үлкен дода. Кәсіпқой бокстың қызығы да, қиындығы да осы. Әйтсе де еліміздің талантты ұлының бірі Геннадийді жазғырудың еш қажеті жоқ. Нағыз батырға лайық өнер ...

    Read More »

    Лас-Вегаста Головкин мен Альварес жанкүйерлермен жүздесті

    Армысыздар, спорт жанкүйерлері! Боксты жақсы көретін қыз-жігіттеріміз, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді, қашан бітеді деп тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді білемін. Әрине, жүректеріңіз лүпілдеп, біздің жігіт не болар екен деп, жандарыңызды шүберекке түйіп жүргендеріңізді сонау мұхиттың аржағында жүрген мен жақсы сезіп тұрмын. Бұл елге, жерге, туған жердің азаматына деген құрметтеріңіздің белгісі. Сәл шыдасақ, қос мықтының арасындағы алапат айқасты да көріп қаламыз. ...

    Read More »

     «Қанға — қан, жанға – жан!»

    Головкин мен Альварестің қарымта шайқасы күллі әлем жанкүйерінің көзінің жауын алып отыр. Ойпырмай, не болар екен?: Ассалаумағалейкум, sportpress.kz спорт сайтының оқырмандары! Біз тағы да үзеңгіге аяқ салып отырмыз, тағы да аттанып бара жатырмыз. Басты мақсатымыз сонау Американың Невада штатында оның Лас-Вегас қаласында өтетін Головкин мен Альварестің шайқасын көру. Және де көріп қана қоймай, сол жақтан елге хабар таратпақпыз. Бұл жолғы ...

    Read More »