• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Елена Рыбакина

    Рыбакина Берлин турнирінде ұтылып қалды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, ұтылып қалды. Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина 7:6 (7:1) есебімен жеңген еді. Содан екінші, үшінші сетте қарсыласына есе жіберді. Хорватиялық спортшы отандасымызды екі сетте де 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Ойын екі сағат ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турнирін жеңіспен бастады

    Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты. Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 139-орында тұрған, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, 20 жастағы ресейлік спортшы Полина Кудерметовамен кездесті. Бірінші партияда есеп 5:4 болған кезде Елена брейк жасады. Бірінші сет осылай  6:4 есеппен аяқталды. Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингінде теннисші төртінші орыннан үшінші сатыға көтерілді. Оның алдында Польшаның спортшысы Ига Швентек пен Беларусьтің өкілі Арина Соболенко тұр. Қазақстанның тағы бір теннисші Юлия Путинцева 58-ден 51-орынға шықты. Рейтингет жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула ТОП- үштіктен ...

    Read More »

    Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-үштікке кіреді

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр. Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға  6:3, 6:7 (5:7), ...

    Read More »

    Рыбакина белгілі бір себеппен «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

    Бүгін теннисші Елена Рыбакина Roland Garros турнирін жалғастыра алмады. Осыған байлансты ол баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерге мән-жайды айтып берді. Кеше кешке басым ауырып, жағдайым нашарлап, температурам көтерілді. Таңертең жақсы боламын ба деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар, температурам басылмай тұр, — деді ол. Теннисші басы ауырып, дене қызуы көтеріліп тұрған соң, кортқа шыға алмайтынын айтты. Жаттықтырушылармен ақылдастым. Олар кортқа ...

    Read More »

    Теннистен кейін бокспен де айналысуым мүмкін –Рыбакина

    Францияның ашық чемпионатына («Ролан Гаррос» турнирі) қатысып жатқан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елена Рыбакина теннистен кейін спорттың қай түрімен айналысуы мүмкін екенін айтты. Ол жарысты ақпараттық жағынан қолдауға барған журналист Асқар Ағатаевқа «Ролан Гаррос» турниріндегі екінші жеңісінен кейін болашақта бокспен айналысып көретінін атап өтті. Рыбакина чехиялық Линда Носкованы ұтқаннан кейін әуелі теннисшімен ойын туралы пікір білдірді. Мен былтыр оның ...

    Read More »

    Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, оны 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде чехиялық спортшы брейкпен алға шыққан еді. Бірақ Рыбакина оның жеңіске деген жігерін көп ұзатпады.  Қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен ...

    Read More »

    Рыбакинаның табысы жарияланды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы жарияланды. Ол Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары немесе теңгемен есептегенде 252 млн теңге сыйақы алды. Ал оның жыл басынан бергі табысы 3 752 354 доллар (1,6 млрд теңге) болды. WTA сайтының хабарлауынша, Рыбакина халықаралық турнирлерге қатыса бастаған кезден бері  10 млн 113 ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Рыбакина 5090 ұпай жинап, төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) басып озды. Қазір ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі  115 балл ғана қалып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның басқа да теннисшілері ...

    Read More »

    Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. ...

    Read More »