• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Елена Рыбакина

    Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты

    Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Елдің намысын қолдан бермейміз – Рыбакина

    Астанада теннистен Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан мен Польша командаларының матчы алдында жеребе тартылып, одан кейін қос ел құрамаларының қатысуымен брифинг өтті. Оған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пен екі елдің теннисшілері қатысты. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, ертең болатын жекелей кездесуде Юлия Путинцева Магда Линеттемен, Елена Рыбакина Вероника Фальковскамен күш ...

    Read More »

    Президент Рыбакинаға бағалы сыйлық берді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Президент Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан теннисшілерінің жетістігі өскелең ұрпақ арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Елена Рыбакина жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін президентке ...

    Read More »

    Рыбакина президентпен кездеседі (ВИДЕО)

    13 сәуірде Қазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Осыдан кейін теннисші 14-15 сәуірде Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың сапында Польша командасына қарсы ойнайды. Елена Рыбакина Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады. 13 сәуірде командалардың жеребе тарту рәсімі болады. ...

    Read More »

    Рыбакина әлемдік рейтингіде жетінші орнын сақтап қалды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті. Елена Рыбакина бұрынғыша тізімдегі жетінші орнын сақтап қалды. Ал WTA чемпиондық кестесінде ол екінші сатыда тұр. Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты. Сондай-ақ, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова мен Аружан Сағындықова да рейтингідегі көрсеткіштерін жақсартты.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Рыбакина Астанадағы турнирге қатысады

    Қазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-15 сәуірде теннистен Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың сапында Польша командасының теннисшілерімен кездеседі. Бұл кездесуде Рыбакинамен бірге Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова мен Жанель Рүстемова күш сынасады. Қосалқы құрамда Аружан Сағындықова болады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Билли Джин Кинг Кубогы  ұлттық құрама тұрақты ...

    Read More »

    Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

    Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өткен WTA 1000 турнирінің финалында чехиялық Петра Квитовадан жеңілгеніне қарамастан, әлемдік теннистің тарихында рекорд жасады. Ол WTA 1000 санатындағы бір турнирде 70-ке жуық эйс жасаған алғашқы теннисші атанды.  Рыбакина Анна Калинскаямен матчта  14, Паула Бадосамен ойында 12, Элизе Мертенспен және Мартина Тревизанмен кездесуде 10, Джессика Пегуламен бәсекеде 11 және Петра Квитовамен финалда ...

    Read More »

    Рыбакина эйс жасау жөнінен көш бастады

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге жетті. Ол халықаралық турнирлердегі соңғы төрт ойында 10 және одан көп эйс жасап, атақты америкалық теннисші Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады. Қазір Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Осы додада ол Анна Калинскаямен кездесуде 14, Паула Бадосамен ойында 12, Элиза Мертенспен өткен матчта 10 эйс жасады. ...

    Read More »

    Рыбакина Майами турнирінде 352 635 доллар табыс тауып үлгерді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина тұңғыш рет АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 352 635 доллар табыс тапты. Ол 390 рейтингілік ұпайға ие болып үлгерді. Кеше теннисші ширек финалға шыққаны үшін 184 465 доллар табыс тапқанын болатын. Сонда ол ½ финалға жолдама алғаны үшін осы сомаға қосымша 168 мың доллар тауып отыр. ...

    Read More »

    Рыбакина Майами турнирінде алғаш рет жартылай финалға шықты

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездесіп, оны 1 сағат 12 минутта 6:3, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша, Рыбакина биыл қатарынан 12 рет жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған  ресейлік Анастасия ...

    Read More »