Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Дастан Мұқашбеков ядроны 15 метр 74 см-ге лақтырып, бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 39 см-ге жіберіп, қола медальді иеленді. Ал екінші орын БАӘ спортшысы Алкаби Мохаммадқа бұйырды. Ол 12 метр 99 см жерге ядроны түсірді. Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби ...
Read More »Tag Archives: Параспорт
IV Азия Пара ойындары: Қазақстан екі күнде қоржынға жүлдені толтырды (ВИДЕО)
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында Қазақстан спортшылары күміс және қола медальдер иеленді. Әуелі пара дзюдошы Зарина Раифова 70 келі (J2) салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда қытай Ван Хуюнға есе жіберді. Одан кейін спорттың осы түрінен 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жанбота Аманжол (J2) күміс медаль иегері атанды. Жанбота алтын жүлде үшін күресте Оңтүстік Корея ...
Read More »«Бесінші алтын медаль!»: Нұрдәулет Жұмағали Параазиаданы жеңіп алды
Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы ьбір қуанышты хабар келіп жетті. Ерлер арасында суға жүзу жарысында Нұрдәулет Жұмағали алтын медальді жеңіп алды. Ол 1 минут 05.92 секундтта 100 метрді брасс стилімен жүзіп өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларды осы қуанышты хабармен құттықтады. Нұрдәулетті Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Спортшыларды жарысқа дайындаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше ...
Read More »Параазиадада Қазақстан қоржынына тағы бір күміс пен үш қола жүлде түсті (ФОТО)
Бүгін түс ауа Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Параазиадада еліміздің тағы бірнеше спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болды. Бұл жолы пара таэквондода Камила Досмайылова екінші орын алды. Ол финалда 44-57 кг салмақ дәрежесінде Иран спортшысы Роза Ибрахимиге жол берді. Қола медальді парадзюдошылар Динара Куджулова, Бауыржан Арыстанбеков пен Даяна Федосова иеленді. Динара 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстанның өкілі ...
Read More »Олжас Оразаәліұлы – Азия Пара ойындарының чемпионы!
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойныдарында тағы да еліміздің жалауы көтеріліп, әнұраны ойнады. Параазиадада 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Ол алтын медаль үшін күресте Өзбекстанның спортшысы Феруз Саидовты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия ...
Read More »Ерғали Шамей Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Қазақстан спортшылары Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов финалда татамиге шықты. Бұл жекпе-жекте Ерғали Шамей жеңіске жетті. Сөйтіп, ол Азия Пара ойындарының чемпионы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс медальге ие болды. Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Еліміз сіздермен мақтанады. Қазір бүкіл ел сіздерге жанкүйер болып отыр. Алдағы турнирлерде де Қазақстан ...
Read More »Параазиадада тағы бір Қазақстан спортшысы қола медаль алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір медаль түсті. Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 1 минут 10.25 секунд. Алтын медальді индонезиялық Иавианда Маулана Рифки (1: 03.55) иеленді. Ираннан келген Карими Йохан Абади Мохаммад Хоссейн (1:09.05) күміс медаль иегері атанды. Осымен Қазақстан ...
Read More »IV Пара Азия ойындары: Қазақстан тағы екі жүлде алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Пара каноэдан Жалғас Тайкенов 43,369 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленсе, тағы бір спортшымыз Бибарыс Спатай жарыстың осы түрінен күміс жүлдені иеленді. Бұған дейін пауэрлифтер Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді. Одан кейін Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Оны пара дзюдодан J2 cанаты ...
Read More »Парабиатлон: Александр Герлиц қола жүлдегер атанды
Әлем кубогының бірінші кезеңінде Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықты 43 минут 59 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк осы қашықтықты 39 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Ал екінші орынға 41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский жайғасты. Парашаңғы мен парабиатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7 ...
Read More »Параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды
Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты. Бұл туралы Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады. Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысып, 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды. IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары