Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында жалауы желбіреген ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл жеңіс — Александр Бубликтің ATP жарысындағы жетінші жеңісі. Сонымен бірге ол биыл үшінші рет теннис турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Енді ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: Теннис
Теннисші қыз-жігіттер Қазақстан чемпионы атанды
Астана қаласында теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпиондары мен жарыстың жүлдегерлері анықталды. Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева еш талассыз ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Одан кейін қола медальді Іңкәр Дүйсебай Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіп, иеленді. Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы Әмір Омарханов ...
Read More »Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі турнирді жеңіп алды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол осыған дейін ATP турнирлерінде 12 рет финалға шығып, соның бесеуінде жеңімпаз атанған. Сондай-ақ бұл — Бубликтің топырақ төсенішіндегі жарыстағы алғашқы финалы. Отандасымызбен финалда дүниежүзілік рейтингіде 109-орында тұрған Хуан-Мануэль Серундоло ойнады. Финалдық матчты қарсыластар брейк алмасумен бастады. Бублик партияны 6:4 есебімен ...
Read More »Жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 18 жасқа дейінгі жастар арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бозбалалар арасында Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы. Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский мен Никита Клетцовтан ...
Read More »Жібек Құламбаева Нидерландта жартылай финалға жолдама алды
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол украиналық Валерия Страхова екеуі жарыстың 1-ракеткалары болып тіркеліп, доданы бірден ширек финалдан бастады. Құламбаева мен Страхова испаниялық Кристина Дьяс-Адровер мен нидерландылық Антония Стояновпен ойнап, жеңіске жетті. Бірінші партияда испан мен нидерландылық дуэт 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Құламбаева – Страхова 6:1 есебімен ...
Read More »Әмір Омарханов алғаш рет Уимблдон турнирінің 1/2 финалына шықты
Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен ойнады. Бірінші партияны Омарханов пен Плешивцев брейкпен аяқтады. Есеп — 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Әмір Омарханов пен Егор Плешивцевтің ...
Read More »Теннисші Айым Қанағатова Нидерландта жеңімпаз атанды
Теннисші Айым Қанaғатова Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Нидерланд, Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия мен басқа да елдерден 64 теннисші қатысты. Жарысқа қатысқан елдердің жалпы саны 19-ға жетті. Рустем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Рыбакина Уимблдон турнирін сенсациямен аяқтады
Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды. Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Данияның өкілі Клара Таусонмен (WTA рейтингінде 22-орын) ойнап, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Омылайша, Клара Таусон Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықса, Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Арменияның теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, ...
Read More »Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды
Әлемдік теннис шебері, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, US Open-2021 чемпионы, Австралия ашық чемпионаттарының финалисі (2021, 2022, 2024), 2020 жылғы ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы, жекелей сында 20 ATP жарысында үздік шыққан, 2021 жылғы Дэвис және ATP кубогының иегері Даниил Медведев Алматы қаласында 11-19 қазанда өтетін Almaty Open ATP 250 додасына қатысатынын растады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Медведевтің қатысуы жарыс деңгейін көтеріп, ...
Read More »«Уимблдон»: Рыбакина үшінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы, 26 жастағы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші екінші ойынын әлемдік рейтингіде кезінде 3-орынға дейін көтерілген, қазір 77-сатыдағы грекиялық, 29 жастағы Мария Саккаримен ойнады. Қарсыластар осыған дейін бес рет ойнап, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы Рыбакина матчты сәтті бастады. Бірінші сетте 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетті қарсыластар ...
Read More »