Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңесі Ресей шахмат федерациясына (РШФ) Азияға көшуге рұқсат берді. РШФ сайтында жарияланған ақпаратта мұндай шешім 28 ақпанда өтетін Азия шахмат федерациясының (ACF) құрлықтық ассамблеясында қабылданады. ACF ассамблеясындағы Ресей шахмат федерациясының делегациясын ұйымның президенті Андрей Филатов басқарады. Ассамблея Әбу-Дабиде 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді. Былтыр наурыз айында FIDE Ресей мен Беларусь спортшыларына жеке турнирлерде тек ...
Read More »Tag Archives: шахмат
«50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтан қанша табыс тапқанын айтты
18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты. Биыл ол Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Чемпион атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді ...
Read More »Бибісара Асаубаева гроссмейстер Сергей Карякинді қалай жеңгенін айтты
Шахматшы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинмен ойыны туралы айтып берді. «Бұл өзі мықты турнир болды. Мені ойынға соңғы сәтте шақырды. Өкінішке қарай, дайындыққа уақыт аз болды. Турнирде әйелдер арасындағы үздік шахматшылар ғана емес, Сергей Карякин, Теймур Раджабов, Александр Грищук секілді әлемнің ең мықты шахматшылары да ойнады. Осы турнирде мен рапидте 4 ұпаймен Сергей Карякинді, ...
Read More »Қазақстанда алғаш рет шахматтан әлем чемпионын анықтайтын матч өтеді
7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада әлемдік шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін тартысты матч өткізіледі. Әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий (Ресей) мен қытайлық Дин Лижен өзара бақ сынайды. FIDE баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, матчтың жүлде қоры 2 млн еуро болады. Оның 60%-ы жеңімпазға, ал 40%-ы үміткерге беріледі. Осылайша, Астанада шахматтан 17- әлем чемпионының есімі анықталатын болады. ...
Read More »Бибісара Асаубаева: «Әлем чемпионы атағын сақтап қалу қашан да қиын»
Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен әлем чемпионаты туралы пікір білдірді. Ол әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алғанға қарағанда, оны сақтап қалу қиын екенін, биік шыңға шыққанда, содан түспеу қиын болатынын айтты. «Бұл мен үшін жауапты жарыс болды. Себебі, әлем чемпионы деген атақты бірінші рет жеңіп алғанға қарағанда, оны сақтап қалу қиын. Маған Польшада ...
Read More »Бибісара Асаубаева: «Биыл мен үшін маңызды жарыс көп»
Астанаға блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мен анасы әрі жеке жаттықтырушысы Лиана Таңжарықова келді. Оларды әуежайдан БАҚ өкілдері, шахматтан ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур мен Спортты дамыту дирекциясының ресми өкілдері күтіп алды. Осы жерде шахматшы журналистерге биылғы жоспары туралы аз-кем айта кетті. Биыл бірқатар маңызды жарыста ойнаймын. Әлемдік гран-прилер сериясы, әлем кубогы мен әлем чемпионатында жақсы ...
Read More »Әлем чемпионаты тарих қойнауына кетті
Алматыда жылдам және блиц шахматтан әлем чемпионатының жабыл салтанаты өтті. Бір аптаға созылған әлемдік додаға таңдаулы гроссмейстерлер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев доданың елімізде өтуіне мұрындық болған Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) алғысын білдірді. Бұған дейін де спорт түрлерінен әлем чемпионаты, басқа да маңызды додалар өтіп келе жатқан Алматы қаласының ...
Read More »Бибісара Асаубаева — блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы!
Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. «Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-ін иеленді. Былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған», — ...
Read More »Жас шахматшыларға сенемін – Динара Сәдуақасова
Гроссмейстер Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға сенетінін, қазақстандықтардың үмітін ақтау үлкен жауапкершілік екенін айтты. Алдымен ол өзіне қолдау білдірген мемлекет басшысына алғысын жеткізді. «Президентке қазақ спортшыларының ерен еңбегіне назар аударғаны үшін зор алғыс айтқым келеді. Бұл кімге болса да мотивация береді. Жалпы отандастарымыздың үмітін ақтау, жаңа белестерді бағындыру үлкен жауапкершілік жүктейді», — деді шахматшы. Сондай-ақ Динара Сәдуақасова жас шахматшылардың биік белестерді бағындыратынына ...
Read More »Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталды
25-30 желтоқсан күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додада 50 елдің шахматшылары чемпион атағына таласады. ФИДЕ аясында өтетін турнир Балуан Шолақ спорт және мәдениет сарайында болады. Чемпионаттың жүлде қоры – 1 млн доллар. Ашық турнирлерге жалпы саны 176 ойыншы қатысады. Ал әйелдер турнирінде 98 шахматшы бақ сынайды. Чемпионатқа әлемнің мықтылары жиналған. Олардың ішінде қазіргі әлем ...
Read More »