• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан құрамасы түгелімен Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды (ВИДЕО)

    Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Оның шаңырақ көтеру тойына бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, той иесін құттықтап қайтты. Тойда ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бірінші болып сөз сөйлеп, боксшыны үйлену тойымен құттықтады. Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, ол жан-жақты дамып жатыр. ...

    Read More »

    WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттарды жариялады

    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және жаңа редакциядағы халықаралық стандарттар, сондай-ақ білім беру жөніндегі халықаралық стандарт күшіне енді. Бұл туралы допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz. Білім беру жөніндегі халықаралық талаптың негізгі қағидасы — спортшы тестілеу арқылы емес, білім беру арқылы допингке қарсы білім алуы керек. Білім беру әділ спорт құндылықтарына сәйкес мінез-құлықты дамытуға ...

    Read More »

    Қонаевтан қуанышты хабар жетті

    Бүгін «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы мен SportPress ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының шеф-редакторы, Алматы облысы Талғар аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының директоры Жандос Аянбекұлы Қонаев қаласында өткен «Хан Тәңірі» Алматы облысының спортшыларын марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Әріптесімізді жоғары дәрежелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!   Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ, АСТАНА

    Read More »

    Рахмонов пен Махачев жекпе-жекке шығуы мүмкін

    Келесі жылы аралас жекпе-жекте шебері Шавкат Рахмонов тағы бір үлкен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы бұрын өзі UFC-де октагонға шыққан, ал қазір аралас жекпе-жектің сарапшы болып жүрген Чейл Сон айтты. Оның айтуынша, жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуы тиіс. Махачев  26 рет октагонға шығып, соның біреуінде ғана жеңілген. Басқа айқастарда қарсыластарын жеңген. Ислам ...

    Read More »

    Футзал. Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық матч өткізеді

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкент қаласында Өзбекстан командасымен екі жолдастық матч өткізеді. Матчтар келесі жылдың 8-10 сәуір аралығында Өзбекстанның астанасында болады. 2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара екі жолдастық кездесу өткізген. Алғашқы ойын 3:1 есебімен ұлттық құраманың жеңісімен аяқталса, екінші матчта Өзбекстан футзалшылары 4:6 есебімен жеңді. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын сырт ...

    Read More »

    «Алтын тұғыр-2023» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

    Бүгін, 21 желтоқсанда Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрда ұлттық спорт түрлері бойынша жыл сайын дәстүрлі табыс етілетін «Алтын тұғыр-2023» сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлады Асық ату федерациясы. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен осымен оныншы рет өткізілген іс-шарада ұлттық спортты ұлықтап жүрген үздіктерге арнайы мүсінше мен ақшалай сыйақы табыс етілді. Биылғы марапаттау рәсімі өзгеше форматта ...

    Read More »

    Қарабақта Qarabağ футбол клубы алғаш рет алаңға шықты (ВИДЕО)

    Бүгін Әзербайжанның Қарабақ арнайы экономикалық аймағының орталығы – Ханкенді қаласында жергілікті Qarabağ футбол клубы алғаш рет жасыл алаңға шықты. Qarabağ пен MOİK клубтарының ойынына ел президенті Ильхам Әлиев қатысты. Ол салтанатты жағдайда алаңның ортасында тұрған допты теуіп, матчты бастап берді. Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің мемлекет басшысы болып сайланғанына 20 жыл толуына байланысты Таулы Қарабақтың бірнеше қаласында ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу турнирін бірінші орынмен аяқтады (ВИДЕО)

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын мырт алаңда Румыния командасымен өткізіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапында Шыңғыс Есенаманов 8-минутта, Біржан Оразов 26-минутта допты торға тулатты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы А тобындағы барлық ойында жеңіске жетті. Ел құрамасы бұған дейін Румынияны өз алаңында 4:3, Нидерландты екі рет 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңген болатын. Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді

    Астанада «Астана» спорт форумында  болды. Онда жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы, басқа да спортқа қатысы бар адамдарды марапатту рәсімі өтті. Іс-шарада Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет ...

    Read More »

    Ресей футбол одағы Азия конфедерациясына мүше болуға қарсы шықты

    Ресей футбол федерациясының (РФФ) атқарушы комитеті Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүше болуға қарсы дауыс берді. Атқару комитетінің барлық мүшелері халықаралық турнирлерге қатысу үшін ФИФА кепілдігінсіз Азияға барудың мағынасы жоқ екенін айтты. Бізге Азия керек емес. Біз Еуропада ойнағымыз келеді. Сол үшін күресеміз. Ресей Еуропадағы ел. Біз Азияға бармауды шештік. Барлығы бірауыздан шешімді қолдады, — деді РФФ вице-президенті Ахмад Айдамиров ТАСС ...

    Read More »