• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    «Үлкен дулыға» турнирі: дзюдошылардың тізімі жарияланды

    4-6 қараша аралығында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» кезеңі өтеді. Кезекті татами төріндегі бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынасады. Оған Қазақстан командасы мына құрамда қатысады: Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 кг); Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 ...

    Read More »

    Бокс: Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та шаршы алаңға шығады

    Қараша айында боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді. Ол 5 қараша күні Миннеаполис қаласында Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады. Бұл — оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Қазір Абылайхан Жүсіпов пен Айдос Ербосынұлы АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр. Айта кетсек, Абылайхан Жүсіпов — әуесқой бокста Қазақстанның ұлттық құрама командасының ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алтын жүлде алды

    Қазақстан каратэшілері Түркияның Конья қаласында өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл додаға әлемнің 105 елінен 1900 спортшы қатысып, күш сынасты. Онда Максим Москвичев жасөспірімдер арасында 61 келі салмақта топ жарды. Тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғали кадеттер арасында 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көтерілсе, жарысқа 55 келі салмақта жасөспірімдер арасында қатысқан Бэлла Самашева ...

    Read More »

    Ұлағатты ұстаздың есімі ұлықталды

    Өткен сенбі және жексенбі күндері Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2009 – 2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында Президенттің Құрмет грамотасы және Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Ғалия Нәдірбекқызы Нәдірбекованы еске алуға арналған дзюдодан жарыс өтті. Оған Іле ауданының барлық ауыл-аймақтарынан 200-ге жуық бота балуан қатысып, қыздар ...

    Read More »

    Іле баскетболы ілгері жылжып келеді

    Баскетбол олимпиадалық спорт түрі болғандықтан жарыстың бұл түріне жастарды тарту өте маңызды. Әсіресе, қыздар арасында өзіміздің қаракөз жастарымызда баулап, қызықтыра білудің орны ерекше. Бүгінгі таңда Алматы облысы осы спорт түрін дамытуды кеңінен қолға алып отыр. Оған жиілетіп өтіп жатқан жарыстар дәлел болады. Баскетболдан әсіресе, қыздар арасында Іле ауданының жастар мен жасөпірімдер командалары қамшы салдырмай алда келеді. Негізі, әрбір спортты дамыту ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» элиталы раундқа жолдама алды

    УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі сатысында «Қайрат» пен «Аят» қорытынды матчтарын өткізді. Бірінші топтағы матчта «Қайрат» Францияның «Спортинг Париж» клубын 3:2 есебімен ұтып, турнирдің элиталық сатысына жолдама алды. Кездесуде «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов 2-минутта есеп ашса, Кайо Руис 24-минутта екінші голды салды. Ал Диего Фаверо 29-минутта үшінші голдың авторы атанды. Одан кейін «Спортинг Париж» командасы «Қайраттың» қақпасына екі доп соқты. Осыған дейін «Қайрат» Испанияның «Пальмасымен» 2:2 тең ...

    Read More »

    Әлімханұлы ешкімнен жеңілмеген боксшымен жекпе-жекке шығады

    Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы Instagram желісінде спортшының алдағы жоспары туралы хабарлады. «WBO президенті Пако Валькарсель Әлімханұлын орта салмақта WBO белбеуін мексикалық Хайме Мунгияға қарсы қорғауға міндеттейтінін мәлімдеді. Егер Жәнібек 12 қарашада британиялық Дензел Бентлиді жеңсе, мексикалық боксшымен қолғап түйістіруі мүмкін», –  делінген хабарламада. Мунгия WBO рейтингінде бірінші орында келеді. Ал Жәнібек Әлімханұлы британиялық Бентлимен жекпе-жекте алғаш рет чемпион атағын ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Аят» күтпеген ойын көрсетті

    Алматының футзалдан «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіске жете алмады. Бұл жолы алматылықтар Испанияның Пальма-де-Мальорка қаласының «Пальма» командасымен ойнап, 2:2 есебімен тең түсті. Матчтың 9 минутында Дуглас Жуниор өз қақпасына доп соқты. Содан кейін араға 10 минут салып Дәурен Тұсағұлов есепті теңестірді. Кездесудің 36-минутында Шыңғыс Есенаманов гол салып, «Қайратты» алға шығарды. Алайда негізгі уақыттың бітуіне 1 минут ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Аят» төбе көрсетті

    Футзалдан Алматының «Қайрат» пен Рудныйдың «Аят» клубы биылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізді. «Қайрат» командасы өз алаңында Бельгияның «Халле-Гооик» клубымен кездесті. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Кездесудің төртінші минутында алаң иелері алға шықты. Есепті Франко Еловчич есепті ашты. 17- минутта «Қайраттың» ойыншысы Кайо Лавратти Руиз есеп теңестірді. Екінші таймның 31-минутта алаң иелері тағы бір гол салды. Диого голдың авторы ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогына әлем чемпиондары қатысады

    29 қазанда Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтеді. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Венгрия және Қазақстан балуандары қатысады. Дүрмекті додаға 7 елдің ең мықты деген спортшылары келе жатыр. Олардың арасында қазақ күресімен қоса, дзюдодан, самбо мен кураштан халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылар да ...

    Read More »