• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Кітап көрмесі – «көңіл көкжиегі». «Қасқырлар патшайымы» кітабы арнайы дипломға ие болды

    Алматыдағы «Атакент» кешенінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлы Жібек Жолымен-2023» атты халықаралық ХІ кітап және полиграфия көрмесі өз мәресіне жетті. Іс-шара аясында әртүрлі баспалар, компаниялар, университтер әртүрлі тақырыпта мерекелік кештерді өткізді. Үш күнге созылған іс-шарада Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Әзірбайжанның жетекші баспалары, полиграфиялық кәсіпорындары мен кітапханалары, сондай-ақ Алматыдағы Түркия, Қытай, Иран елдерінің өкілдері мен Мәдениет министрлігінің Баспа-полиграфия департаменті ...

    Read More »

    Туризм және спорт министрі Олимпиадада велоспорттан жүлде күтетінін ескертті (ВИДЕО)

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорт федерациясының басшылығымен кездесіп, биылғы есебін тыңдады. Федерация өкілдері спортшылардың нәтижелері туралы айтып, төртжылдықтың басты додасына дайындық жоспарларына тоқталды, деп хабарлады ведомство. Биылғы жылғы Азия ойындарында велошосседен Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, екі алтын және бір күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер бәсекесінде бір қола медаль бар. Велотрек пен маунтинбайк (тау велосипеді) жарысында өкінішке ...

    Read More »

    Өзбекстанда қылмыс әлемнің авторитеттері ұсталып жатыр (ВИДЕО)

    Өзбекстанда қылмыс әлемнің авторитеттері ұсталып жатыр. ELTUZ-дың хабарлауынша, елдің әр бұрышында жүрген қылмыс әлемінің бірнеше лидері тұтқындалды. Олардың арасында 73 жастағы Салимбай Абдуллаев пен 52 жастағы Бахтиер Кудратуллаев та бар. Біріншісі көпшілікке «Салимбай» немесе «Салимбойвачча» деген атпен танымал болса, екіншісі «Бахти Ташкентский» деген лақап атымен белгілі авторитет. Тағы бір авторитетті ұстау мүмкін болмады. Әңгіме Азия бокс федерациясының бұрынғы президенті, Азия бокс ...

    Read More »

    Нұрасыл Төлебек бокстан әлем чемпионы атанды

    Арменияның астанасы — Ереванда өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті. 54 келі салмақта Нұрасыл Төлебек финалда үнді Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, ер балалардан екі боксшымыз, қыздарда екі спортшымыз әлем чемпионатының құрмет тұғырына көтерілді. Бұған дейін хабарланғандай, Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен басым  түссе, қыздар ...

    Read More »

    Астанада таэквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды

    Астанада таеквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды. Жарыс 2-4 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды. Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен 179 мықты спортшы медальдар үшін күш сынасты. Оған 113 ер адам мен 76 әйел қатысты. Олардың арасында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебай, Рио-де-Жанейро, Токио қалаларында болған Олимпиялық ойындарға қатысып, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары 31 алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстан спортшылары бірнеше елде спорттың 8 түрінен өткен әлем чемпионаты, Әлем кубогы үшін турнирлер мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысып, 31 алтын медаль жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, спортшылар каратэ, әйелдер күресі, грек-рим күресі, кәсіпқой бокс, спорттың қысқы түрлері саналатын конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек пен фраистайл-акробатикадан өткен жарыстарда күш сынасты. Каратэ: Киокушинкай-кан каратэден Алматыда ұйымдастырылған әлем ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені иеленді

    Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі. Жанбота Алдабергенова фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсетіп, 77.43 балл жинады. Қазақстан спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлде алған. Ол кезде Алдабергеноваға ...

    Read More »

    Жас теннисшілер Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Түркияның Ыстамбұл қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыста еліміздің жас теннисшілері табысты өнер көрсетті. Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6. Жұптық сындағы финалда Қазақстан теннисшілері Александр Софрыгин мен Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев пен Жантөре ...

    Read More »

    Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді

    Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді. Бостандық елінің боксшылары еліміздің былғары қолғап шеберлерімен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қонақтар қатарында барлығы 9 былғары қолғап шебері мен екі жаттықтырушы келді. Олардың арасында әлем чемпионатының және Панамерикалық чемпионаттың қазіргі финалистері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Негізгі екпін олимпиадалық ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасының үш боксшысы әлем чемпионы атанды

    Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Толғанай Қасымхан, Аяжан Сыдық пен Айсұлу Мұхит алтын медальді жеңіп алды. Аяжан Сыдық 54 кг салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны  5:0 есебімен жеңді. Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леоновадан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша ол Қазақстан құрамасына екінші алтын жүлдені сыйлады. Үшінші алтын жүлдені  66 ...

    Read More »