• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан қола жүлдегер атанды

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады olympic.kz.

    Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Құраманың спортшылары бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

    Қазақстан командасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпайға ие болды.

    Топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Быстрова жаттықтырады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *