• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Халықаралық дзюдо федерациясы

    II Түркі Универсиадасы: Қазақстан қоржынында әзірше бес алтын жүлде бар

    Осы күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында III Түркі Универсиадасы болып жатыр.

    Универсиада 3 қыркүйекте басталды. Ол 9 қыркүйекте аяқталады.  Оған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің (Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы) студент-спортшылары қатысуда. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтіп жатыр.

    Қазақстан атынан  Универсиадаға 15 жоғары оқу орнынан 66 спортшы барды. Олар спорттың 7 түрі бойынша күш сынасуда.

    Жалпы, II Түркі Универсиадасы да осы 7 спорт түрі бойынша 2023 жылғы 5-10 қараша аралығында Түркістан қаласында өткізілген. Сол кезде оған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше 5 елден 445 делегат қатысты.

    Биылғы жарыста Қазақстан студенттері әзірше 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. ІІІ Түркі Универсиадасында алғашқы алтын жүлдені Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алды.

    Баишев университетінің студенті Гүлнұр Баханова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды. Одан кейін дзюдодан М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Әділет Ахметғали, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мұхамедәлі Мавлидов мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Жасұлан Халхабаев Универсиада чемпионы атағын алды.

    Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің студенті Іңкәр Тулепбергенова күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Нұршат Кемелханқызы қола жүлдеге ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *