• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Странджа турнирі: Қазақстанның 6 боксшысы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы -София қаласында қалыптасқан дәстүр бойыншы жылдың осы мезгілінде боксшылардың Странджа кубогы жолындағы турнирі болады. Биыл да бұл жарыс 4 ақпанда 75-рет жалауын көтерді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 12 ақпанға дейін болатын дүрмекті додаға елімізден 10 салмақ бойынша былғары қолғап иелері қатысып жатыр. Жалпы, халықаралық турнирге әлемнің 28 елінен 178 спортшысы қатысуда. Турнирге ұлттық құраманы бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов ...

    Read More »

    «Ұлы дала жорығы» жобасы халықаралық деңгейде ұйымдастырылады

    7 ақпанда JORYQ ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджумен кездесті, деп хабарлады halyq-uni.kz. Әңгіме кезінде әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» жобасы туралы сөз қозғалып, 2024 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен алғаш рет халықаралық деңгейде өткелі тұрған марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды. «Ұлы дала жорығы» халықаралық дүбірлі додасының V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында өтетін маусымына арнайы ...

    Read More »

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды

    Астананың бірқатар университеттерінде студенттерге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жиындарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшылығы волонтерлердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі бар екенін, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы жұмысының маңыздылығын айтты.  Сонымен қатар волонтерлерге қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралы мәлімет жан-жақты түсіндірілді. Жастардың еріктілер жасағы – спорттық және ...

    Read More »

    «Ертіс» клубының экс-футболисі Мессидің командасымен ойнады

    Гонконгта АҚШ-тың «Интер Майами» мен жергілікті футболшылардан жасақталған команданың арасындағы жолдастық матчта Павлодардың «Ертіс» клубында ойнаған Түркіменстанның легионері Руслан Мингазов алаңға шықты. Руслан Мингазов 2019-2020 жылдары Павлодардың «Ертісі» клубында ойнаған. Ал қазір Гонконгтың «Китчи» командасымен келісімшарт жасап, осы жасақтың жейдесінде жасыл алаңға шығып жүр. Матчта  Гонконгтың футболшылары Лионель Мессидің командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Мингазов матчтың басынан бастап соңына дейін ойнады. Өкінішке қарай, «Интер Майамидің» ...

    Read More »

    Александр Уваров – ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан құрамасында екі спортшы помостқа шықты. Соның бірі — 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров күміс медаль иеленді. Ол биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында жұлқа көтеруде қола жүлдені (153 кг), серпе көтеруде 190 кг зілтемірді басынан асырып, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Ташкентте тағы бір ауыр ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан мен Өзбекстан Олимпиадада қанша медаль алды?

    Қазақстан ұлттық құрама командасы 4 медаль (2 күміс, 2 қола) алды. Қытай-2008: Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеев (100 кг). Бразилия-2016: Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов (60 кг); Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Голбадрах Отонцецег (48 кг). Жапония-2020: Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов (60 кг).   Өзбекстан ұлттық құрама командасы: 7 медаль (2 күміс, 5 қола) алды. АҚШ-1996: Атланта ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч ойнайды

    Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді. Матч 7 маусымда Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында болады. Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды. ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр. Қазақстан футбол федерациясынан тағы бір жаңалық, Бауыржан Сағындық 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға ...

    Read More »

    Парламентте легионерлер туралы заң қабылдануы керек

    Еліміз тәуелсіздік алғалы отыз екі жыл болса да, әлі күнге дейін шетелдерден легионерлерді шақыруды қояр емес. Қазақ балаларын дайындамай, Ресей мен Африкадан спортшы шақыра беруге ұялмаймыз ба? Отандық спорт саласында 180 федерация бар. Соңғы өткен жазғы Олимпиадада неге алтын жүлде ала алмай қалдық? Федерация көп, бірақ нәтиже жоқ. Көрші Өзбекстан мен Қырғызстан спорты бізден озып кетті. Оларға жету үшін қазақ ...

    Read More »

    KISSFF 2023 кинофестивалінде Ерғали Шамей туралы фильм жеңімпаз атанды

     Парадзюдодан әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Ерғали Шамей туралы көркем фильм халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды. Бұл кинофестиваль Африканың Кения елінде болды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен спорт туралы фильмдерін ұсынған елдер жиналды. Осы өнер додасында елімізде парадзюдошының өмірі жайлы тұңғыш рет түсірілген «Үміт сәулесі» фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Біздің фильміміздің басты кейіпкері — Ерғали Шамей. Моңғолияда ...

    Read More »

    69 лицензиялық жарыс қалды – Олимпиадаға дайындық штабы

    Қазақстан спортшыларын жасөспірімдер Олимпиадасына бастап барған делегация мүшелерінен жасақталған Олимпиадаға дайындық жұмыстарына арналған штаб өз жұмысын одан әрі жалғастырып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін штаб жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға дайындықты бастады. XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада ...

    Read More »