• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еуропа чемпионаты

    Матчқа 100 пайыз дайынбыз! — Асхат Тағыберген

    Қазақстан мен Финляндия командаларының матчы алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев, команданың ойыншылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов ойынға 100 пайыз дайын екендерін айтты. Біз матчқа 100 пайызға дайынбыз. Жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де ойнадық. Енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз. Әрине, ойынға біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз ...

    Read More »

    Қазақстан-Финляндия мачтының үзілісінде концерт болады

    7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың 15 минуттық үзіліс кезінде танымал әнші Ерболат Құдайбергеннің шағын концерті болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Танымал әнші Ерболат Құдайберген Қазақстан – Финляндия матчының арнайы қонағы болады Матчтың үзілісі кезінде бәрімізге танымал «Мен қазақпын» және «Біздің жігіттер» хиттері шырқалады. «Біздің жігіттерді» ...

    Read More »

    Қазақстан мен Финляндия матчының төрешілері белгілі болды

    7 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командалары арасында өтетін матчтың төрешілері анықталды. Бұл матчтың бас төрешісі болып Румынияның төрешісі Раду Петреску бекітілді. Ойында Радуға оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Төртінші төреші – Марцел Бирсан. Қазір турнир кестесінде төрт матчтан кейін Н тобында Финляндия мен Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар ...

    Read More »

    EURO 2024: УЕФА сайты үздік голды анықтап жатыр

    Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Дания командасының қақпасына салған голын үздіктер номинациясы қатарына қосты. Қазір УЕФА-ның сайтында екінші турадағы үздік голға дауыс беріліп жатыр. Үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар. Әзірше Асхат Тағыберген мен Владислав Морозов алда келеді. Олардың ...

    Read More »

    Еуропа одағы Беларусьті футбол турнирлеріне қатыстырмауды талап етті

    Еуропа Парламенті УЕФА-дан Ресейдің соңынан Беларусьті де құрлық чемпионатының іріктеу турнирінен шығаруды талап етті. Бұл туралы 024.by хабарлады. Еуроарламенттің депутаттары УЕФА президенті Александер Чеферинге Беларуське қарсы санкцияны күшейту туралы хат жолдады. Осыған байланысты футболдан Беларусь елінің ұлттық құрамасы Ресей командасымен бірге Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін іріктеу турнирінен шығып қалуы мүмкін. 024.by-тің хабарлауынша, Еуропарламенттің депутаттары чемпионатқа Беларусь құрамасының қатысуы халықаралық ...

    Read More »

    EURO-2025: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

    Футболдан жастар құрамалары арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысының жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімінде жеті топта алты құрама ойнаса, екі топ бес командадан жасақталған. Қазақстан футболшылары В тобында Венгрия, Шотландия, Мальта, Бельгия және Испания құрамаларымен сынға түседі. Турнирдің финалдық сатысына 15 команда шығуға мүмкіндік алады. Оған жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Словакия қосылады. Іріктеу сатысы 2023 жылдың наурыз және 2024 ...

    Read More »

    Еуро-2022/2023: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды. Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы В лигасының 2-тобында Әзербайжанмен, Босния және Герцеговинамен, Черногориямен сынға түседі. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың наурыз айында Босния және Герцеговинада өтеді. Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңі жеребе тарту рәсімінде командалар мына топтарға бөлінді:   ...

    Read More »

    Қазақ самбошыларынан әлем чемпионатына кімдер барады?

    11 – 13 қараша күндері Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) чемпион анықталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары. Чемпионға 4 мың, күміс жүлдегерге 3 мың, ал қола медальдің иегеріне 20 мың АҚШ долларынан беріледі. Ұлттық құрама сапында ерлер арасында болатын белдесулерге ...

    Read More »