Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді. Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар Нұрланұлы жекелей сында алты матч ойнап, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген ...
Read More »Tag Archives: Заңғар Нұрланұлы
Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды
Теннисші Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 15 жастағы теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың да бірінші ракеткасы болған Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Заңғар Нұрланұлы финалға дейін Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды. Финалдық ойын өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен ...
Read More »Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирін жеңіп алды
Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өткен ITF Juniors турнирінде 14 жастағы отандасымыз Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жеңімпаз атанды. Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты. Жас теннисші былтырғы жылды Tennis Europe рейтингінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастап келеді. Өткен жылдың желтоқсанынан бері Заңғар Нұрланұлы жоғары санатқа ауысып, ...
Read More »Теннисші Заңғар Нұрланұлы жылдың үздік шетел ойыншысы атанды
Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетел ойыншысы» аталымымен марапатталды. 14 жастағы Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады. Биыл ол жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса, Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті. Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Мен жаттықтырушыларыма және ...
Read More »