• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Азия кубогы: Тәжікстан ширек финалға шықты (ВИДЕО)

    Катарда футболдан өтіп жатқан Азия кубогында сенсация болды. Тәжікстан құрамасы 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірліктерін пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты. Осы додаға Тәжікстан құрамасы алғаш рет қатысып жатыр. Тәжік елінің футболшылары Азия кубогы жолындағы турнирде плей-оффқа өз тобында алаң иелері -Катарды ғана алға жіберіп, екінші орынмен жолдама алған еді. Енді міне, Орта Азия командасы БАӘ-мен ойында негізгі уақытта 1:1 ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Footlab футбол орталығының жұмысымен танысты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды, деп хабарлады Ақорда. Президентке жаңа орталықтың серпінді режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 жаттықтырушы 50 баланы жаттықтырып жатыр. Smart Football жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1 000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған. ...

    Read More »

    Ақтөбеде Қазақстан футбол тарихындағы қымбат трансфер жасалды

    Камерундық 28 жастағы жартылай қорғаушы Габи Кики «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Қолда бар мәліметке қарағанда, онымен 1 млн еуроға келісімшарт жасалды. Габи Кики футболшы мансабын Камерунның«Бомс» клубында бастап, кейін «Эдинг Спорт» клубында ойнады. Одан кейін ол Беларусьтің «Днепр» (Могилев), «Динамо-Брест» пен «Рух» (Брест) клубтарының жейдесінде алаңға шықты. Беларусь чемпионы атанып, осы елдің ...

    Read More »

    Саудиялық клубтар тағы танымал футболшыларды сатып алуды жоспарлап отыр

    Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол лигасы жазғы трансфер кезінде екі миллиард фунт жұмсауға дайындалып жатыр. Америкалық журналист Бен Джейкобстың айтуынша, Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол клубтары жазғы трансфер кезінде әлемге әйгілі футболшыларды сатып алуды көздеп отыр. «Әл-Наср» мен «Әл-Хиләл» «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық танытып жатқан сияқты. Ал «Әл-Иттихад» «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Мохаммед Салахты өз қатарынан көргісі келеді екен. ...

    Read More »

    «Пахтакор» футбол клубы жекеменшікке сатылады

    Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі Ташкенттің «Пахтакор» футбол клубы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мемлекеттік үлесін сатылымға шығарды, деп хабарлады uza.uz. Клубты сатып алатын адамнан немесе кәсіпкерлік субъекттен футбол клубының қызметін қолдау, дамыту, команданы халықаралық деңгейге шығару, футбол клубының балансындағы барлық спорттық құрылыстарды, оның ішінде футбол алаңын тек спорттық іс-шаралар мақсатында пайдалану талап етіледі. Сонымен бірге мемлекет клубта сатып ...

    Read More »

    Кипр клубы Максим Самородовты командаға шақырды

    Кипрдың «Красава» футбол клубының президенті Евгений Савин ұлттық құрама мен «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Максим Самородовты командаға шақырды. Ол футболшыны «Красава» жасағына сатып алғысы келетінін айтты. Макс, бері қарашы. Мен саған мынадай ұсыныс айтқым келеді. Сен ұсыныстан бас тартпайды леп ойлаймын. Енді ол жағын өзің көресің. Биылғы маусымда «Красава» жоғарғы лигаға шықса, сен бізге келесің. Чемпионатта 20 гол салсаң, Италияның «Торино» ...

    Read More »

    Атақты футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды (ВИДЕО)

    Германияның атақты футболшысы әрі жаттықтырушы, әлем чемпионы, үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» сыйлығын екі рет алған  Франц Беккенбауэр 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Беккенбауэрдің денсаулығының нашарлап кеткені туралы ақпарат былтыр жазда шыға бастаған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 2015 жылы Стефан деген ұлы қайтыс болғаннан кейін экс-футболшының денсаулығы нашарлап, жүрегіне операция жасатқан. Одан кейін көз инфарктісі болып, Паркинсон ауруы мен ...

    Read More »

    Мбаппе «Реалмен» келісімге келді — БАҚ

    Foot Mercato басылымына сілтеме жасаған «Спорт-экспресс» газеті Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтің «Реал» командасымен келісімшарт жасайуы мүмкін екенін хабарлады. БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Мбаппе испаниялық клубпен келісімге келген. Енді ол биыл жазда Ла Лигада ойнайтын болады. Ал Мбаппенің өзі келісімшарт әлі жасалмағанымен, алдағы уақытта «Реал» клубының қатарынан көрінуі мүмкін айтты. Менің биылға мотивациям жақсы. Былтырғы ...

    Read More »

    Қарабақта Qarabağ футбол клубы алғаш рет алаңға шықты (ВИДЕО)

    Бүгін Әзербайжанның Қарабақ арнайы экономикалық аймағының орталығы – Ханкенді қаласында жергілікті Qarabağ футбол клубы алғаш рет жасыл алаңға шықты. Qarabağ пен MOİK клубтарының ойынына ел президенті Ильхам Әлиев қатысты. Ол салтанатты жағдайда алаңның ортасында тұрған допты теуіп, матчты бастап берді. Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің мемлекет басшысы болып сайланғанына 20 жыл толуына байланысты Таулы Қарабақтың бірнеше қаласында ...

    Read More »

    Ресей футбол одағы Азия конфедерациясына мүше болуға қарсы шықты

    Ресей футбол федерациясының (РФФ) атқарушы комитеті Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүше болуға қарсы дауыс берді. Атқару комитетінің барлық мүшелері халықаралық турнирлерге қатысу үшін ФИФА кепілдігінсіз Азияға барудың мағынасы жоқ екенін айтты. Бізге Азия керек емес. Біз Еуропада ойнағымыз келеді. Сол үшін күресеміз. Ресей Еуропадағы ел. Біз Азияға бармауды шештік. Барлығы бірауыздан шешімді қолдады, — деді РФФ вице-президенті Ахмад Айдамиров ТАСС ...

    Read More »