• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Қайрат» клубы

    «Қайрат» футзалдан суперкубоктың иегері!

    Бүгін Орал қаласында футзалдан Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. Бұл матчтың ерекшелігі, футзал тарихында алғаш рет суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында болды. Командалар жаңа әрі заманауи спорт кешенінде күш сынасты. Былтыр «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, суперкубоктың иегері атанған еді. «Қайрат» бұған дейін 11 рет суперкубокты жеңіп алған. Алматының клубынан кейін «Ақтөберентген» командасы екі ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» плей-оффқа шықты (ВИДЕО)

    Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Словакияның «Слован» командасымен ойнап, екі матчтың қорытындысы бойынша плей-оффқа шықты. Командалардың екінші ойыны Братислава қаласында болды. Бірінші матчта «Қайрат» Алматыда «Слованды» 1:0 есебімен жеңген болатын. Сондықтан клубқа Чемпиондар лигасының плей-офф сатысына шығу үшін қарсыласпен тең ойнап немесе 0:1 есебімен жеңілген жағдайда пенальти сериясында жеңу керек еді. Сол себептен ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев «Қайратқа» жеңіс әперді (ВИДЕО)

    Алматының «Қайрат» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен ойнап, жеңіске жетті. Матч басталысымен командалар бір-бірінің қақпасына тез гол соғуға тырысты. Әсіресе, алаң иелері қонақтардың қақпасына лап қойды. «Слованның» ойыншылары да қарап қалмай, «Қайратқа» шабуыл жасап, есепті бірінші ашқысы келді. Алайда, онысынан ештеңе шықпады. «Қайраттың» да шабуылдары өңбеді. Екінші таймда алаң иелері алаңның барлық жерінде басымдық ...

    Read More »

    UEFA Чемпиондар лигасы. «Қайрат» камбэк жасады

    «Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде камбэк жасады. Алматының футбол командасы Финляндияның КуПС жасағынан сырт алаңда 2:0 есебімен жеңілгеніне қарамастан, Орталық стадионда мыңдаған жанкүйердің алдында 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты. Мачта «Қайрат» қарсыластарынан алаңның барлық жерінде үстемдік танытты. Олар ойын басталысымен қонақтардың қақпасына жиі-жиі шабуыл жасап, сырт алаңда кеткен есені қайтаруға тырысты. 9-минутта Дастан Сәтпаев алғашқы ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасынан жеңілді

    Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Финляндияның «КуПС» командасымен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың екінші таймының 49-минутында Мохамед Туре «Қайрат» қақпасынан дәл көздесе, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голдың авторы атанды. Енді екінші ойын 29 шілдеде Алматыда болады. Егер «Қайрат» өз алаңында «КуПС» командасын жеңсе, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турнирінде «Слован» (Словакия) мен «Зриньски» ...

    Read More »

    Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Оралда болады

    Футзалдан жаңа маусым Орал қаласында өтетін Суперкубок матчымен ресми түрде басталады, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. 23 тамызда ел чемпионы – Алматының «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері – «Семей» командалары өзара мықтыны анықтайды. Матч «Жайық арена» спорт кешенінде болады. Бұл ойынның ерекшелігі – футзал тарихында алғаш рет Суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында, су жаңа әрі ...

    Read More »

    Еурокубоктың жеребесі: Қазақстан клубтарының қарсыластары анықталды

    Еліміздің үш футбол клубының Еуропа кубоктарындағы қарсыластары белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия» клубымен ойнайды. Олар 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» жасақтарының да қарсыластары анықталды. Ақтөбенің клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу сатысында Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Матчтар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. Ал Шымкенттің ...

    Read More »

    «Қайрат» клубына бразилиялық футболшы қосылды

    Бразилияның футболшысы Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Алматының «Қайрат» футбол клубның қатарына қосылды.  Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жасалды. Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында туған. Ол 28 жаста. Бойы – 190 см, салмағы – 80 кг. Футболшы алғаш рет жасыл алаңға «Вело Клуб» командасының сапында шыққан. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Португалияның «Марко 09» ...

    Read More »

    «Челси» қазақ футболшысын сатып алды

    Белгілі спорт журналисі Фабрицио Романо 16 жастағы футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысқанын хабарлады. Итальян журналисінің айтуынша, «Челси» Алматы қаласының «Қайрат» клубына Сәтпаев үшін 4 млн евро төлейді. Бұл отандық лига үшін рекордтық келісім болып отыр. Дастан Сәтбаев 2026 жылдың тамыз айында 18 жасқа толған соң, «Челсидің» қатарына қосылады. Ол ағылшын клубымен 1 жылға ұзартуға мүмкіндігі бар 5 жылдық келісімшартқа отырады. ...

    Read More »

    ҚФФ «Қайрат» футзал клубына айыппұл салды (ВИДЕО)

    Астанада Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының мәселесі қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ҚФФ айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет деген шешімге келді. Сонымен бірге «Қайрат» АФК бас директоры Әсем Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция салынсын деген шешім шығарылды. «Қайрат» АФК араңдатушыларды тауып, ...

    Read More »