Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталады. Бірінші күні бозкілемге грек-рим күресі балуандары шығады. Одан кейін кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын еркін күрес балуандары қорытындылайды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы дүбірлі додаға толық құрамда қатысады. Оқырманның назарларына Босфор жағалауында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандарымыздың тізімін ұсынамыз: Грек-рим күресі: 45 кг – Жарас Советов (Ақтөбе облысы). ...
Read More »Tag Archives: әлем чемпионаты
Футболшы алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты
Марокко құрамасының футболшысы Нухайла Бензина алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты. Championat.com-ның хабарлауынша, Марокко командасының қорғаушысы Австралия мен Жаңа Зеландияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Оңтүстік Корея құрамасымен матчта тарихта алғаш рет басына орамал тағып, 90 минут ойнаған. Ойынның соңында ол сары қағаз алған.Ал матч 1:0 есебімен Марокконың пайдасына шешілген. Кездесуде Ибтиссам Джрайди 6-минутта жалғыз голдың авторы атанған. ...
Read More »Семсерлесуден ӘЧ: Руслан Курбанов алғашқы жүлдені жеңіп алды
Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Руслан Курбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15:12 есебімен ұтып, командаластары арасынан алғаш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда ол венгриялық Мате Кохтен 10:15 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды. Екінші жартылай финалда Олимпиада және ...
Read More »Нысана көздеу: Арина Алтухова əлем чемпионатында күміс жүлде алды
Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бүгін нысана көздеуден ұлттық құраманың спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады. Бұл жаттығуда швейцариялық Вивьен Джой Джегги әлем чемпионы болды. Ол Арина Алтуховадан 1,6 ...
Read More »Су спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты
Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында артистік жүзудің еркін бағдарламасында өнер көрсеткен Эдуард Ким финалға шықты. 18 шілдеде өткен іріктеу сынында Эдуард 173.0499 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды. Бірінші орында АҚШ спортшысы Кеннет Годе. Үздік үштікті түйіндеген ұлыбританиялық Рандзю Томблин. Финалдық сайыс бүгін, 19 шілдеде болады. Бұл жарыс Астана уақытымен Qazsport арнасынан 17.05-те басталады. ...
Read More »Cу спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты болып жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді. Ерлер арасындағы артистік жүзу ...
Read More »Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді
15-16 шілдеде Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Оған 30 елден келген 250-ге жуық спортшы қатысады. Әлемдік додада ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы медаль жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі. Чемпионаттың қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында ...
Read More »Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы екі алтын мен төрт күміс жүлде алды (ФОТО)
Грузияның Батуми қаласында рапид және блиц шахматтан кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) алтын медаль мен күміс жүлде алса, Аланна Берікқызы мен Иман Нəбиев күміс жүлдегер атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, швейцариялық жүйе бойынша 11 раундтан өткен жарысқа 35 елден келген 450-ден астам 8-18 жас аралығындағы ...
Read More »Таэквондодан ӘЧ: Назым Махмұтова жарыс жолынан шығып қалды (ФОТО)
Бүгін Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан таэквондодан XXVI әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні болды. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан Назым Махмұтова (62 кг) мен Нұрқанат Қожахметов (74 кг) шықты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Осы чемпионаттағы ең жас спортшының бірі 16 жастағы Назым Махмұтова жапониялық Касуми Хирабаяшиды екі раундта ұтып, әлем чемпионатын жақсы бастады. ...
Read More »Таэквондодан ӘЧ: ұлттық құрама жартылай финалға шыға алмай жатыр (ФОТО)
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан XXVI әлем чемпионының бесінші жарыс күні өтіп жатыр. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан Рита Бакишева (46 кг) мен Жавохирхон Исламов (54 кг) шықты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Рита Бакишева ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлдеге бір табан қалғанда қазіргі әлем чемпионы, 2021 жылғы Еуропа чемпионы Лина ...
Read More »