Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.
Ол 90 келіден аса салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, Кубаның атақты боксшысы Хулио Сезар Ла Круспен қолғап түйістіріп, оны ұпай саны бойынша жеңді.
Енді Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.
Бүгін сегіз финалдық жекпе-жекке кімдердің шығатыны белгілі болды.
Бұл финалдардың екеуінде шаршы алаңға екі отандасымыз шығады.
Ерлер арасында — Айбек Оралбай (90+ кг),
Әйелдер арасында — Аида Әбікеева (65 кг).
Екеуі де Өзбекстан спортшыларымен бокстасады.
Финалдық жекпе-жектер тізімі:
Ерлер:
60 кг – Абдумалик Халоков (Өзбекстан) vs Луис Габриэл де Оливейра (Бразилия)
75 кг – Рами Киван (Болгария) vs Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
90 кг – Исаяс Сантос Рибейро Фильо (Бразилия) vs Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
90+ кг – Айбек Оралбай (Қазақстан) vs Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Әйелдер:
57 кг – Юлия Шеремета (Польша) vs Жасмин (Үндістан)
60 кг – Ребека де Лима Сантос (Бразилия) vs Анета Рыгельска (Польша)
65 кг – Аида Әбікеева (Қазақстан) vs Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
80+ кг – Нупур (Үндістан) vs Агата Качмарска (Польша)
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА