• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге күш сынасады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасындағы төрт спортшы финалға шыға алмай, қола медаль үшін күш сынасатын болды.   Абиба Әбужақынова (48 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді. Енді олар Азия чемпиоантының қола жүлдесіне таласады. Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды.   Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар. Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды. Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков UWW рейтингінде бірінші орынға көтерілді

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты. Балуан Қырғызстанның Бішкек қаласында Азия чемпионы атағын жеңіп алған соң, 86 келі салмақта жалпы есебі 52 400 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға 45 000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орынға 44 000 ұпай жинаған Сан-Мариноның өкілі Амин Майлз ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

    25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды.  2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына  Әнел Әбдірасылова (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Ұлдана Таубай ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдегері атанды

    Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстанның Бішкек қаласында аяқталған Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Тұрсынов белдесуде бірде-бір ұпай ала алмады. Иран балуаны оны5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Ибрагим Магомадов — қола медалист!

    Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Ибрагим Магомадов Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.  77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагим Магомадов қола медаль үшін күресте Иран балуанынан 4:3 есебімен басым түсті. Магомадов турнирде әлем чемпионы, қырғызстандық Ақжол Махмұдовқа есе жіберген болатын. Бұл — 33 жастағы спортшының жаңа салмақтағы алғашқы жетістігі. Былтырғы Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов ...

    Read More »

    Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Күрес түрлерінен Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың грек-рим күресінен балуаны Ержет Жарлықасын алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда (63 кг) 25 жастағы Жапонияның өкілі, XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді жеңді. Белдесу 6:6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ балуаны басым болды. Күндізгі сессияда Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ...

    Read More »

    Айсулуу Тыныбекова тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Еркін күрестен Қырғыз Республикасы ұлттық құрама командасының өкілі Айсулуу Тыныбекова  Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, сары құрлық додасының алтын жүлдесін осымен алтыншы рет жеңіп алды. Сөйтіп, ол тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды. 14 сәуірде финалда 62 келіге дейнігі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қырғыз балуаны жапон спортшысы Сакуро Мотокиді 9:6 ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы төрт қола жүлдені иеленді

    Күрес түрлерінен Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында барлық салмақтағы үздіктер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Кеше спортшылар қалған бес салмақта сынға түсті. Ұлттық құраманың спортшылары соның екеуінде жүлдені жеңіп алды. Анастасия Панасович 72 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін күресте өзбекстандық Озода Зарипбоеваны таза жеңді. Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова үшінші ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстанның астанасы — Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Бұл — Азамат Дәулетбековтің  сары құрлық чемпионатындағы қатарынан үшінші алтын жүлдесі. Сонымен қатар ол 2017 жылы Үндістанның Дели қаласында күміс медальді, 2018 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында ...

    Read More »