Бүгін Астанадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қортындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты жағдайда марапаттау іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Рәсімде еліміздің абыройын асқақтатып, жеңістің тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 16 түрлі «Үздік» номинациясы бойынша марапатталады. Құрметті қонақтардың қатарында Парламент Мәжілісінің депутаттары Дәулет Тұрлыханов пен Ардақ Назаров, спорт ардагерлері, белгілі жаттықтырушылар мен Олимпиада ...
Read More »Басты тақырып
Жасөспірімдер турниріне 20 жастан асқан теннисші қатыспайды
ATP жасөспірімдер турнир финалының ережелеріне енген кейбір өзгерістерді жариялады. Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап жасөсіпірімдер жарысына 20 жастан асқан теннисшілер жіберілмейді. Осы уақытқа дейін 21 жасқа толған теннисшілерге турнирге қатысуға рұқсат берілген еді. Сондай-ақ ТОП-350 рейтингінде тұрған 20 жасқа дейінгі теннисшілерге де ұйым тарапынан қолдау көрсетілуде. Оларға бір жылда 100 және 125 санаттағы 8 «Челленджер» турнирінің негізгі қортындысына шығуға кепілдік беріледі. ...
Read More »Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылады
Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясын өткізді. Биылғы 2023 жыл отандық күрес қауымдастығы үшін жарқын оқиғаларға, тарихи әрі сенсациялық көрсеткіштерге толы болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. Бүгінде күрестің үш түрінен ресми халықаралық жарыстарда ұлттық құрама қоржынында барлығы 117 медаль бар. Оның ішінде спортшылар 26 алтын жүлде, 33 күміс медаль, 58 қола жүлде иеленді. Конференцияға Грек-рим, еркін және әйелдер күресі ...
Read More »Бүгін дзюдошылар ақшалай сыйлық алды
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы кезекті спорт маусымды қорытындылап, спортшыларды марапаттады. Жиынға федерация президенті Қуанышбек Есекеев, ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты, деп хабарлады Дзюдо федерациясы. Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Әбиба Абужақынова – 5000 АҚШ долларын, Мағжан Шамшадин — 3000$, Эсмигүл Куюлова — 3000$, Абылайхан Жұбаназар ...
Read More »Спорттық ату федерациясы Олимпиадаға дайындықты таныстырды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорттық ату федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады ведомство. Жиында оқ ату және стендтік ату өкілдері спортшыларымыздың соңғы ірі халықаралық турнирлердегі жарысын қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды. Қытайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы стендтік ату бойынша – 2 алтын және 3 қола, оқ ату бойынша – 1 алтын, 2 күміс және 2 ...
Read More »Дзюдодан Jenys Cup турнирінің жеңімпазы анықталды
Алматыда дзюдодан халықаралық командалық Jenys Cup турнирі аяқталды. Еліміздің Jenys клубының атынан татамиге шыққан спортшылар қола жүлдеге ие болды. Қола жүлде үшін күресте Jenys командасы тағы бір еліміздің Lokomotiv Green Hill клубымен кездесті. Бұл сында ел намысын қорғаған Кубанычбек Айбекуулы (-66кг), Асқар Нарқұлов (-73кг), Жансай Смағұлов (-73кг), Тато Григалашвили (-81кг), Ерлан Шеров (-90кг) пен Саба Инанешвили (+90кг) қарсыластарын 3:0 есебімен ...
Read More »Қазақстан құрамасы түгелімен Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды (ВИДЕО)
Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Оның шаңырақ көтеру тойына бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, той иесін құттықтап қайтты. Тойда ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бірінші болып сөз сөйлеп, боксшыны үйлену тойымен құттықтады. Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, ол жан-жақты дамып жатыр. ...
Read More »WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттарды жариялады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және жаңа редакциядағы халықаралық стандарттар, сондай-ақ білім беру жөніндегі халықаралық стандарт күшіне енді. Бұл туралы допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz. Білім беру жөніндегі халықаралық талаптың негізгі қағидасы — спортшы тестілеу арқылы емес, білім беру арқылы допингке қарсы білім алуы керек. Білім беру әділ спорт құндылықтарына сәйкес мінез-құлықты дамытуға ...
Read More »Қонаевтан қуанышты хабар жетті
Бүгін «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы мен SportPress ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының шеф-редакторы, Алматы облысы Талғар аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының директоры Жандос Аянбекұлы Қонаев қаласында өткен «Хан Тәңірі» Алматы облысының спортшыларын марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Әріптесімізді жоғары дәрежелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ, АСТАНА
Read More »Рахмонов пен Махачев жекпе-жекке шығуы мүмкін
Келесі жылы аралас жекпе-жекте шебері Шавкат Рахмонов тағы бір үлкен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы бұрын өзі UFC-де октагонға шыққан, ал қазір аралас жекпе-жектің сарапшы болып жүрген Чейл Сон айтты. Оның айтуынша, жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуы тиіс. Махачев 26 рет октагонға шығып, соның біреуінде ғана жеңілген. Басқа айқастарда қарсыластарын жеңген. Ислам ...
Read More »