• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Португалияда футболшыға ақ қағаз көрсетілді (ВИДЕО)

    Португалия чемпионатында футболшыға қарсылас командаға құрмет көрсеткені үшін ақ қағаз көрсетілді. Мачт кезінде бесінші дивизионда ойнайтын клубтың шабуылшысы қарсылас команданың қорғаушысы айыпдоп алаңында жарақат алып қалғанда қақпаға жақындап, доп соғудың орнына оны алаңның сыртына теуіп жіберді. Осылайша ол футболшыға дәрігерлер көмек көрсету үшін жарақат алған ойыншының командасына құрмет көрсетті. Осы үшін шабуылшы төрешіден ақ қағаз алды. Футбол тарихында ақ қағаз ...

    Read More »

    Футболдан Бельгия мен Швеция матчы кезінде атыс болып, екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Бүгін Брюссель қаласында автоматпен қаруланған белгісіз адам халыққа оқ атқан. Ол скутерге мініп, көшеде алдына кездескен адамдарға оқ жаудырып, екі ер адамды атып тастап, бір әйелді жаралаған. Атыс футболдан Бельгия мен Швеция елдерінің ұлттық құрама командаларының матчы кезінде болған. Қаза тапқан адамның екеуі де Швеция құрамасының жанкүйерлері болып шықты. Көшедегі атысқа байланысты матчтың бірінші таймы ғана болып, ойыншылар екінші таймға ...

    Read More »

    Сауапты турнир жалғасын тапты

    Бүгін бір жеңісті, жемісті әрі сауапты күн болды. ГРС пен Өтеген кентінде елге белгілі журналист Әлім Анапияновтың ұйымдастыруымен және тікелей қолдауымен шағын футболдан спорт ардагері Ахмед Давыдовты еске алуға арналған дәстүрлі жарыс болып өтті. Турнир ардагерлер арасында болғандықтан жасы 70-ке тақаған спорт ардагерлері алаңда бой көрсетіп, өрнекті ойындарымен көпшіліктің көңілінен шығып жатты. Күн ұзақ алаңда шүмектеп тер төккен ардагерлерге мың ...

    Read More »

    Өзбекстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты

    Футболдан Өзбекстанның (U-23) Олимпиада құрамасы Азия кубогының финалына шықты. Өзбек футболшылары жартылай финалда Иран командасын 2:0 есебімен ұтты. Ташкенттегі «ЖАР» спорт кешенінде болды. Азия кубогы үшін турнирде Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы барлық қарсыластарынан жеңіп, іріктеу кезеңін 100 пайыздық нәтижемен аяқтады. Осылайша Өзбекстанның Олимпиада құрамасы келесі жылы Катарда өтетін 23 жасқа дейінгі Азия кубогының финалдық кезеңіне қатысады. Катарда өтетін ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға түсті

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы H тобында төртінші орынға түсіп қалды. Қазақстан мен Финляндия матчынан кейін осы топтағы басқа командалардың ойындарының нәтижесі белгілі болды. Н тобында Қазақстан құрамасынан кейін үшінші орында келе жатқан Дания командасы өз алаңында Сан-Марино жасағымен кездесіп, 4:0 есебімен ұтты. Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен жеңді. Осы есептен кейін Дания мен Словения 3 ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

    Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчқа дейін Н тобында құрамалардың еншісінде 9 ұпайдан бар еді. Кешегі ойында Финляндия футболшылары жалғыз гол салып, екі командаға да маңызды болған 3 ұпайды алды. Жалғыз голды 78-минутта Оливер Антман салды. Сөйтіп, қонақтар 12 ұпаймен Н тобындағы бірінші орынын сақтап қалды. Ал Қазақстан ...

    Read More »

    Еуропа лигасы: «Астана» «Лудогорецті» ұтты (ВИДЕО)

    Футболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу турнирінде «Астана» клубы Болгарияның «Лудогорец»  командасымен кездесіп, 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта бірінші болып «Лудогорецтің» ойыншылары есеп ашты. 34-минутта Болгария клубының шабуылшысы Ноа Сундберг нысананы дәл көздеді. Одан кейін 40-минутта Жарко Томашевич таразы басын теңестірді. Осы жерде айтатын бір нәрсе, «Астана» өз алаңында бірінші болып қақпасына гол жіберіп алса да «психологиялық соққыдан» өздеріне тез ...

    Read More »

    Елімізде футбол алаңдары жаңартылады — ҚФФ

    Қазақстан футбол федерациясы мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын орындау мақсатында елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын іске қосты. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен іске асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, — делінген хабарламада. ҚФФ-ның мәліметіне қарағанда, биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, ...

    Read More »

    «Өсер елдің баласы арманшыл келеді…»: ҚФФ президенті әлем чемпионаты туралы айтты

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов футболдан әлем чемпионатын өткізу идеясы туралы  айтты. Бұл ұсынысты ол жақында Ыстықкөлде Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтарының басшылары қатысқан жиында айтқан болатын. Содан кейін осы әңгіме соңғы күндері ел ішінде қызу талқыланып, оған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та пікір білдірді. Қысқасы, оның пікірінше қазір де алдағы уақытта да Орталық Азия мемлекеттері әлем ...

    Read More »

    Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді

    Сауд Арабиясының Спорт министрлігі алдағы 7 жылға футбол трансферлеріне шамамен 19,7 млрд еуро қаражат бөлді. Бұл туралы журналист және инсайдер Бен Джейкобс әлеуметтік желіде мәлімдеді. Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді. Енді осы елдің командалары 2030 жылға дейін орташа есеппен алғанда әр қайсысы 2,5 млрд еуродан алады, — деді ол, Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамызда басталады. ...

    Read More »