Германия құрамасы Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында Жапония командасынан 1:0 есебімен жеңіп жатып, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Е тобында Германия мен Жапония құрамаларының кездесуі аса тартысты өтті. Кездесу «Неміс машинасы» үшін сәтті басталған. Олар ойынды бірден қолға алып, 33-минутта Илькай Гюндоган пенальтиден қақпаны дәл көздеп, Германияны алға шығарды. Бірінші таймның соңында ГФР-дың футболшылары екінші голын салды. Брақ ...
Read More »Футбол
Испания әлем чемпионатының рекордын жаңартты
Испания құрамасы Коста-Рика командсын 7:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионаттарындағы ойындарында допқа иелік ету көрсеткішін жаңартты. Осы матчта Испания құрамасы ойын уақытының 81,7%-ында допқа иелік еткен. Бұл — әлем чемпионаттарындағы жаңа рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін допқа иелік ету көрсеткішінде Аргентина құрамасы үздік болған. 2010 жылғы әлем чемпионатында Грекияға қарсы өткен матчта оңтүстік америкалықтар ойын уақытының 80,3%-ында допты өз иеліктерінде ұстаған. Осы ...
Read More »Футбол жанкүйері Катарға 1600 шақырымды жаяу жүріп жеткен
Сауд Арабияның азаматы Абдалла әл-Салми футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына өз командасын қолдау үшін жаяу барған. Ол Дохаға 1600 шақырымды артқа қалдыра отырып жетіпті. Соның құрметіне жанкүйерлер Абдалланы сән-салтанатпен күтіп алған. Әлем чемпионатын көру Абдалла әл-Салмидің бала кезден бергі арманы екен. Ол Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекініп, туған қаласы Джеддадан Дохаға дейін жаяу шығып, 55 күн жүріп ...
Read More »«Ақталуға қақымыз жоқ»: Месси Аргентинаның жеңілісі туралы айтты
Лионель Месси Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Сауд Арабиясы құрамасынан жеңілген Аргентина командасының ойыны туралы айтты. «Сауд Арабиясынан жеңіліп, психологиялық соққы алдық. Чемпионатты осылай бастаймыз деп ойламаған едік. Біз өзімізге сенімді болдық. Үш ұпай алып, жанымыз тыныш болсын дедік. Бірақ бәрінің оңай бола қоймайтынын көрдік. Біз қарсыласымызды жақсы біліп, ойнадық. Голды тез салдық. Содан кейін тағы да қақпаны дәл ...
Read More »Франция құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында D тобындағы матчтар басталды. Осы топтағы фавортиттердің бірі – Франция Австралия құрамалары кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде алғаш болып австралиялықтар есеп ашты. Ойынның 9-минутында «жасыл құрлық» командасының шабуылшысы Крейг Гудвин гол салды. Одан кейін Австралия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпиондарының шабуылдарына қарсы тұра алмады. 27-минутта Адриен Рабьо таразы басын теңестірді. Ал Оливье Жиру араға ...
Read More »Сенсация! Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан ұтылды
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. Әлем чемпионатының фавориттерінің бірі – екі дүркін әлем чемпионы Аргентина құрамасы С тробындағы қарсыласы — Сауд Арабиясы командасынан жеңіліп қалды. Бұл кездесуде бірінші болып Аргентина құрамасы есеп ашты. Ойынның 10-минутында Лионель Месси пенальтиден нысананы дәл көздеді. Екінші таймда Сауд Арабиясы құрамасы есепті теңестірді. Матчтың 48-минутта Салех Әл-Шехри гол салса, Салем Әл-Давсари ...
Read More »Англия құрамасы әлем чемпионатының рекордын жаңартты
Катарда өтіп жатқан әлем чемпинатында Англия құрамасы голға әкелген дәл пастар бойынша әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты. Бұл рекорд бесінші голдан кейін тіркелді. Кездесуде ағылшындар бесінші голдан кейін бір-біріне 35 рет дәл пас беріп, Иран командасының қақпасына алтыншы голды салды. Матч 6:2 есебімен Англия құрамасының пайдасына шешілді. Кездесуде Грилиш, Джуд Беллингем, Маркус Рашфорд, Рахим Стерлинг бір-бірден гол салса, Букайо Сака ...
Read More »ӘЧ-2022: Жанкүйерлер сыраны талап етіп жатыр
Эквадор құрамасының жанкүйерлері футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатынан кейін Катарға қарсы ойын кезінде сыраны талап еткен. Матчтың бірінші таймында эквадорлық жанкүйерлер «Queremos cerveza» деп айқайлаған. Испан тілінен аударғанда бұл «біз сыра қалаймыз» дегенді білдіреді. Әлем чемпионаты басталардан екі күн бұрын ФИФА стадионда сыра сатуға тыйым салды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »ӘЧ-2022: Катар алғашқы матчта Эквадордан ұтылды
Катар құрамасы футболдан әлем чемпионатының ашылуында Эквадордан 0:2 есебімен ұтылды. Мундиалдың алғашқы матчы Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында болды. Кездесудегі екі доп та қақпаға бірінші таймда соғылды. Эквадорлықтар 3-минутта есеп ашқан еді. Бірақ алаңдағы арбитр офсайд болды деген есептемей тастады. Бұдан кейінгі бірінші гол пенальтиден салынды. Матчтың 16-минутында өзімен бетпе-бет шыққан Эквадор құрамасының шабуылшысы Эннер Валенсияны катарлық қақпашы өз айып алаңында ...
Read More »Катарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Катардың Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында футболдан әлем чемпионатының салтанатты сәті болып өтті. Ұйымдастырушылардың жоспарында ән әлемінің жұлдыздары Дуа Липаны немесе Шакираны салтанатқа қатыстыру болып еді. Алайда, олар бұдан бас тартқан болып шықты. Мұның есесіне, АҚШ-тың белгілі актері, «Оскар» сыйлығының лауреаты Морган Фриман мен Кореяның BTS тобының әншісі Чонгук салтанаттың бас қаһармандарына айналды. Турнирдің бойтұмары арабтың дәстүрлі бас киімі – куфии ...
Read More »