• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Халықаралық олимпиялық комитет IBA-ны мойындаудан бас тартты

    Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты. ХОК Атқару комитетінің 69 мүшесі тиісті қаулы қабылдады. Дауыс беруде ХОК-тың шешіміне бір адам қарсы шықса, 10 адам қалыс қалды. Осылайша, Халықаралық бокс қауымдастығы Олимпиадаға лицензия беретін құрлықтық чемпионаттар, турнирлер мен жарыстарды ұйымдастырудан шеттетілді. Енді Олимпиадаға жолдаманы сарапқа салатын бокс бәсекелерін тікелей ХОк-тың өзі ұйымдастырып отырады. Бұған дейін бокстың ...

    Read More »

    «Велосипедпен – қажылыққа!»: павлодарлық журналист Маңғыстау облысына жетті

    28 мамырда Екібастұз қаласынан велосипедпен Сауд Арабиясының Мекке қаласына қажылық парызын өтеуге жолға шыққан республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов Маңғыстау облысының Шетпе ауданының орталығы Шетпеге жетті. Бұл сапар «Құнанбайдың ізімен Мекке сапары» деп аталады. Әріптесіміз Қазақстаннан Әзербайжанға, одан әрі Грузия, Түркия, Иордания елдері арқылы екі теңізді кесіп өтіп, Сауд Арабиясына жетуді жоспарлап отыр. Қожакелді Алданов ...

    Read More »

    Нұрсұлтан Құрман жаңа қызметке тағайындалды

    Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті болып журналист Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлады Kff.kz.  Нұрсұлтан Құрман біраз уақыттан бері футзалдан және футболдан Қазақстан чемпионатын белсенді түрде насихаттап, оның жұмысын жариялап келеді. 2021 жылы Нұрсұлтан Құрман БАҚ өкілдері, өнер және мәдениет қызметкерлері арасында футзалдан әуесқойлар лигасын құрып, содан бері оның ұйымдастырушысы болды. ҚФҚ вице-президенті лауазымында Нұрсұлтан Құрманның міндеттеріне Қазақстан чемпионаты, Кубогы, Суперкубогы, дайындық ...

    Read More »

    «Қайрат» футбол клубы Боранбаевтың иелігінде қала ма?

    «Қайрат» футбол клубы 8 жылға сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың меншігінде қала береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлады halyq-uni.kz. Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев футбол клубының жұмыс істеп тұрғанын айтты. «Қайрат» футбол клубы әзірге коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешім, оның ішінде сот шешімі, меншік иесі тарапынан басқа да бастама көтерілмеді. Қазір өздері қаржыландырып жатыр, әкімдік ...

    Read More »

    Футболшылардың Сауд Арбиясында ойнауына тыйым салу ұсынылды

    Англияның «Манчестер юнайтед» клубының бұрынғы капитаны Гарри Невилл ағылшын футболшыларының Сауд Арабиясының клубтарымен келісімшарт жасасуына қарсылық білдірді. Ол  футболшылардың Сауд Арбиясында ойнауына тыйым салу керек деп ұсыныс айтты. Бұған дейін Сауд Арабиясы клубтарымен Криштиану Роналду, Карим Бензема, Н’Голо Канте мен Хаким Зиеш сияқты белгілі футболшылар келісімшарт жасасқан еді.  Ал алдағы уақытта олардың қатарын Рубен Невеш пен Калиду Кулибали сияқтылар ойыншылар ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турниріне қатысқаны үшін қыруар ақша алады

    Теннисші Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниріне қатысқаны үшін 11 500 АҚШ долларын алады. Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген 20 жастағы ресейлік спортшы Полина Кудерметованы 6:4,6:4, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін 1/8 финалда хорватиялық Донна Векичтен кездескен еді. Өкінішке қарай, осы ойында отандасымыз ойламаған жерде қарсыласынан 7:6, 3:6, 4:6 есебімен ұтылып, жарысты ерте ...

    Read More »

    Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды

    Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, турнирге баратын ұлттық құрама анықталды. Оған 45 елден 350 дзюдошы қатысады. Ал елімізден жарыста 17 балуан күш сынасады. Ерлер: Нұрқанат Серікбаев (-60кг) Шерзод Давлатов (-60кг) Ғұмар Қырғызбаев (-66кг) Ғұсман Қырғызбаев (-66кг) Данияр Шамшаев (-73кг) Жансай Смағұлов (-73кг) Руслан Мұсаев (-81кг) Абылайхан Жұбаназар (-81кг) Ермахан Әнуарбеков (-90кг) Аян Байғазы (-90кг) Нұрлыхан Шархан (-100кг) Бекзат Шағатаев (-100кг) Әділ ...

    Read More »

    Сұлулыққа әркімнің де бар таласы… (ФОТО)

    Алматыда «Italian Beauty Days» ауқымды шарасының ашылуы өтті. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің Сауда алмасуды дамыту бөлімі (СДБ) мен Cosmetica Italia косметикалық компанияларының ұлттық қауымдастығы италиялық парфюмерия және косметика саласының жетекші өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы заманауи сұлулық индустриясының алғашқы іс-шарасы болып отыр. Аталмыш іс-шараға италиялық парфюмерия мен косметика өндірушілері қатысты. Қабылдау үйіндегі шараға Италияның 22 ірі өндірушісі Қазақстан, ...

    Read More »

    Рыбакина Берлин турнирінде ұтылып қалды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, ұтылып қалды. Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина 7:6 (7:1) есебімен жеңген еді. Содан екінші, үшінші сетте қарсыласына есе жіберді. Хорватиялық спортшы отандасымызды екі сетте де 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Ойын екі сағат ...

    Read More »

    Еуропа чемпионатының талисманы таныстырылды

    Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының талисманын таныстыру рәсімін өткізді. Еуропа чемпионатының маскоты ретінде таңдалған қонжық Гельзенкирзен қаласындағы мектептердің бірінде таныстырылды. Қонжықтың Еуро-2024 турнирінің ресми талисманы ретінде таңдап алынуына осы ойыншықтың алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда шығуы себеп болған екен. Енді алдағы екі аптада жанкүйерлер УЕФА ресми сайтында қонжыққа ат таңдайды. Ұсынылған төрт нұсқада да ...

    Read More »