Туризм және спорт министрлігінде өткен кеңейтілген отырыста 2024 жылдан бастап спорт төрешілерінің айлығы базалық лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейін көтерілетіні белгілі болды. Сондай-ақ, спортшыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей ЖОО-ға түсу үшін гранттар беру нормасы заңнамалық түрде енгізілгені жария етілді. Сала қызметкерлерінің жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Соңғы екі жылда мамандандырылған мектеп-интернат-колледждердің (республикалық және облыстық), сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы ...
Read More »Басты тақырып
Қазақстан спортшылары жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады
Спортшылар келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында жалауы желбірейтін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Осыған байланысты Туризм және спорт министрлігенде ведомство басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Олимпиадаға баратын спортшылардың дайындығы бойынша кеңейтілген отырыс болды. Жиында Ермек Маржықпаев Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне Ұлттық Олимпиада комитеті, Спортты дамыту дирекциясы және Олимпиадалық дайындық орталығымен ...
Read More »Самат Смақов «Астана» ФК басшылық қызметіне тағайындалды
Самат Смақов «Астана» клубының техникалық директоры болып тағайындалды. Техникалық директордың міндетіне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету кіреді. Оның ішінде футбол академиясының құрылысын қадағалау мен академияның тиімді жұмыс істеуі жатады. Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді, – деп ...
Read More »Қазақ хоккейшісі АҚШ-та рекорд жасады
АҚШ-та қазақ хоккейшісі Бексұлтан Мақыш «Бостон» хоккей академиясының U15 командасы құрамында 100 ұпайды жинады. Ол қарсыластар қақпасына 44 ойында 55 шайба салып, 45 рет командаластарының гол салуына көмектесті. Яғни, 45 рет ұтымды пас берді. Сонымен қатар 15 жастағы Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп шайба салған хоккейші атанды. Оған дейін Кэмерон Штель 47 шайба салып, рекордсмен болған еді. Бексұлтан ...
Read More »Еліміз ICAO бастамаларын қолдады
Алматыда TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум өтті. Ауқымды шара барысында салалық халықаралық және қазақстандық ұйымдар әуе жолаушыларды сәйкестендіру мәселелерін талқылады. Іс-шарада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) Авиациялық қауіпсіздік және жеңілдету секторы директорының орынбасары Сильвен Лефуайе терроризм қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін шекаралық және сәйкестендіру бақылауын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Жалған жеке куәліктерді және жалған жол ...
Read More »Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты
Аралас жекпе-жектің шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жылы UFC чемпиондық атағын жеңіп алғысы келетінін ашып айтты. Мен келесі жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп, Қазақстанға қайту, — деді ол The MMA Hour-ға берген сұхбатында. Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Бұл жерде ол америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) октогонға шығады. ...
Read More »Азия теннис федерациясының басшысы болып Қазақстан азаматы сайланды
Юрий Польский алдағы 4 жылға Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланды. Сайлау Таиландтың Бангкок қаласында өткен ATF бас сессиясы аясында болды, деп хабарлады Olympic.kz. Сайлауда Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш үміткер ATF президенті болуға үміткер болды. Онда Юрий Польский ең көп дауыс жинады. Енді Юрий Польский ATF президенті қызметімен бірге Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін басқарады. Бұл жерде ...
Read More »ҚФФ барлық өңірде футбол апталығын өткізді
Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті еліміздің барлық облыстарындағы футбол қауымдастықтарының қолдауымен жыл сайынғы Еуропалық спорт апталығы аясында «УЕФА бұқаралық футбол аптасын» (UEFA Grassroots week) өткізді, деп хабарлады ҚФФ. УЕФА-ның бұқаралық футбол бағдарламасы бүкіл әлем бойынша спорттың осы түрінен жарыстар ұйымдастырып келеді. Іс-шараның басты мақсаты — жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлес қосу. «Футбол ...
Read More »Қазақстан – Нидерланд матчының баспасөз анонсы
14 желтоқсанда 20:30-да Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының матчы болады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 13 желтоқсанда 11:00-де Rixos қонақ үйінде D Hall конференц-залында футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака, қақпашы Игита мен ойыншы Біржан Оразовтың қатысуымен матчалды баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихаты сағат ...
Read More »Теннисшілер халықаралық турнирде топ жарды
Теннисшілер Дмитрий Попко мен Григорий Ломакин Түркия мен Мысырда өткен халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды. Попко Анталияда ITF турнирін жеңіп алса, Ломакин Шарм-эль-Шейхта осы санаттағы жарысты алтын медальді иеленді. Попка Түркиядағы жарыстың финалында Өзбекстанның өкілі Сергей Фоминмен кортқа шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі қарсыласын 6:4, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті. Осылайша, Анталия жарысы спортшы үшін сәтті аяқталды. Григорий Ломакин жұптық сында украин ...
Read More »