• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған турнир басталды

    Түркістан қаласындағы Olympic center спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күрестен және әйелдер күресінен XXVII халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда. Тартысқа ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады

    24 қарашада Алматы облысы Қарсай ауданы Жібек жолы ауылында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы мешіт ашылады, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Мешіттің мекенжайы: Дүйсеков көшесі, 1. Жақсылық Үшкемпіровтің шын есімі — Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданындағы Дихан ауылында туған. 2020 жылы 2 тамызда пандемия кезінде қайтыс болған. 1971 ...

    Read More »

    Қазақ балуаны UWW шешімімен қазан айының үздік спортшысы атанды

    Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling — грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы, — ред.) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады.  Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жақында Албанияның астанасы – Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын жеңіп алды. Сөйтіп, Сұлтан ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Сауд Арабиясында балуандарымыз барлық жүлдені жеңіп алды

    Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ күресінен мынға түскен ұлттық құраманың балуандарының бәрі жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, ұлттық спорт түрлерінен бірқатар жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде қазақ күресі де бар. Қазақ күресі алғаш рет жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына еніп, бес салмақта мықтылар белгілі болды. Оның ...

    Read More »

    Белгілі бапкер Серік Жұмашев ердің жасы елуге толды

    Белгілі спорт маманы, көптеген балуанның биік шыңға шығуына бір кісідей атсалысқан азамат Серік Мұратұлы Жұмашев ердің жасы елуге толды. Біз қазақ спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, қызметте табыс тілейміз! Секең грек-рим күресінен ұлттық құрама мен  Қазақстанның жастар құрама командасының аға жаттықтырушы кезінде шетелде оның шәкірттері жетістікке жетіп, еліміздің әнұранын ойнатып, көк байрағын ...

    Read More »

    Талант талантты таниды

    Бүгін спорт жанашыры, меценат, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері Рүстем Әбдікәрімұлы Мұқатов қазақ спортына бір кісідей еңбек етіп келе жатқан білікті маман, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Серік Мұратұлы Жұмашевті ердің жасы елу жасымен құттықтады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қазақта. Ұлт жанашыры Рүстем Әбдікәрімұлы көптеген шәкірт тәрбиелеген жаттықтырушыға зор денсаулық, қызметі мен спорттық карьерасына ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді финалға шықты

    Албанияның астанасы – Тирана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен (U23) әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының балуаны Асылжан Есенгелді финалға шықты. Ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аса тартысты өткен жартылай финалда Қырғызстанның бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті. Оған дейін Асылжан Есенгелді бірінші белдесуінде жапон Каито Моританы, ширек финалда үнді балуаны Акаш Дахияны с жеңді. Бүгін отандасымыз бас ...

    Read More »

    Маңғыстауда күрестен Ысқақ Джолмурзаевты еске алуға арналған турнирдің бағдарламасы

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Бесшоқы Спорт кешенінде еркін күрестен 2010 — 2011 және 2012 — 2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ысқақ Бақытжанұлы Джолмурзаевты еске алуға арналған І облыстық ашық турнирі өтеді. Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен алғаш рет өткелі отырған турнирге Өзбекстанның Науаи мен Қарақалпақстанның Нүкіс пен Хожелі қаласынан, еліміздің Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Қызылсай, ...

    Read More »

    Жаратқан, Жақсылықсыз да күрес жарыстары өте береді екен-ау…

    …ЖАҚСЫЛЫҚТЫ сағындым!  Бірде-бір ірі жарыстарда ЖАҚСЫЛЫҚСЫЗ жүрмеуші едім.  Соңғы Токио Олимпиадасына бара алмадым.  Ешкім жүр деген жоқ.  Бірақ онда барғанда да ЖАҚСЫЛЫҚ болмас еді… Ол қазақтың БІРТУАР ҰЛЫ, спортымыздың СИМВОЛЫ, менің ЖАН ДОСЫМның келмеске кеткеніне де екі жылдан асты… …Ханчжоудағы Азия ойындарында күрес басталды. Кеше грек-рим шеберлерінің бәсекесіне бардық. Бір жігітіміз финалда, үш жігітіміз қола жүлде жолында кілемге шықпақ еді. ...

    Read More »

    Бар қазақтың жеңісі!

    «Ерім!» дейтін елім бар екен! Он тоғыздағы Ризабек соны түсінген шығар. Түсінбеуі, сезінбеуі мүмкін емес. Өйткені, басқа жерді айтпағанда, Астана әуежайындағы тілеулестердің патша көңілі біздің өзімізді толқытып жіберді. Құдды, өз баласы, өз бауыры дүние чемпионы болғандай ақжарма пейіл, айтып болмас шаттық сезім осындағы әр қазақтың жанарынан жұлдыздай жарқырап тұрды. Жұлдызды жігіттің төбесі көрінген сәтте жайшылықтағы сабырлы, қарапайым бауырлар ду ете ...

    Read More »