• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Енді легионерлерге шектеу алынып тасталады – ҚФФ президенті (ВИДЕО)

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов шетел легионерлеріне қатысты мәлімдеме жасады. Ол биылдан бастап футболда шетел легионерлеріне қойылатын шектеудің алынып тасталатынын айтып, оның тиімді, яғни қазақ футболына пайдалы жағын түсіндіріп берді. Соңғы он бес жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперимент болды. Алайда ол ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бермеді. Оны өздеріңіз де көріп, жақсы біліп отырсыздар. Сондықтан біз соңғы екі жылда ...

    Read More »

    Атақты футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды (ВИДЕО)

    Германияның атақты футболшысы әрі жаттықтырушы, әлем чемпионы, үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» сыйлығын екі рет алған  Франц Беккенбауэр 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Беккенбауэрдің денсаулығының нашарлап кеткені туралы ақпарат былтыр жазда шыға бастаған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 2015 жылы Стефан деген ұлы қайтыс болғаннан кейін экс-футболшының денсаулығы нашарлап, жүрегіне операция жасатқан. Одан кейін көз инфарктісі болып, Паркинсон ауруы мен ...

    Read More »

    Мбаппе «Реалмен» келісімге келді — БАҚ

    Foot Mercato басылымына сілтеме жасаған «Спорт-экспресс» газеті Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтің «Реал» командасымен келісімшарт жасайуы мүмкін екенін хабарлады. БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Мбаппе испаниялық клубпен келісімге келген. Енді ол биыл жазда Ла Лигада ойнайтын болады. Ал Мбаппенің өзі келісімшарт әлі жасалмағанымен, алдағы уақытта «Реал» клубының қатарынан көрінуі мүмкін айтты. Менің биылға мотивациям жақсы. Былтырғы ...

    Read More »

    Төрт дүркін әлем чемпионы Марио Загалло өмірден өтті

    Футболдан Бразилия құрама командасының құрамында әлем чемпионаттарын төрт рет жеңіп алған Марио Загалло қайтыс болды. Ол 92 жасқа келіп өмірден өтті. Марио Загалло әлем чемпионы атағын екі рет футболшы ретінде, бір рет ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы және бір рет бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде жеңіп алған еді. Загалло 1931 жылы дүниеге келген. Ол Бразилияның «Америка», «Фламенго» мен «ботафаго» клубтарында ойнаған. 1958 ...

    Read More »

    100 футбол менеджері алғаш рет кәсіби білім алып шықты

    Елімізде алғаш рет Alma Almaty management university мен Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ұйымдастыруымен «Футбол менеджменті» бағдарламасы бойынша 100 адам кәсіби білім алып шықты. Бұл оқулар былтыр жазда басталды. Қазір оқуды аяқтаған адамдар нағыз маман болып, футбол клубтарымен жұмыс істеуге кірісіп кетті. Енді алдағы екі жарым жылда аталған бағдарлама бойынша 3 мың менеджерді дайындау жоспарланып отыр. Былтыр желтоқсан айынан бері бағдарламаны ...

    Read More »

    Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» айлығын айтты

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов  Түркияның «Бешикташ» клубындағы жалақысын айтты. Түркиялық клуб басқа да легионерлерінің айлығын жариялады. Footbal Critix мәліметіне қарағанда, Зайнутдинов жылына 1,2 млн еуро табыс табады. Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Бұл клубта ең көп жалақыны Камерунның шабуылшы Винсен Абубакар алады. Ол жылына 3 млн еуродан астам табыс табады. ...

    Read More »

    Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның шешіміне тыйым салды

    Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның Суперлигаға салған тыйымын заңсыз деп тапты. Екі ұйым да Еуропаның бірнеше жетекші футбол клубтарына 2021 жылы жаңа турнир ұйымдастыруға тыйым салған болатын. Сот өз үкімінде ФИФА мен УЕФА салған тыйым Еуроодақтың монополияға қарсы заңнамасына қайшы келеді деген шешім шығарды. Өйткені, бұл екі футбол ұйымының Еуропадағы клубтар арасында жарыс өткізуге айрықша құқығы жоқ. Алайда, сот бұйрығында ...

    Read More »

    Қарабақта Qarabağ футбол клубы алғаш рет алаңға шықты (ВИДЕО)

    Бүгін Әзербайжанның Қарабақ арнайы экономикалық аймағының орталығы – Ханкенді қаласында жергілікті Qarabağ футбол клубы алғаш рет жасыл алаңға шықты. Qarabağ пен MOİK клубтарының ойынына ел президенті Ильхам Әлиев қатысты. Ол салтанатты жағдайда алаңның ортасында тұрған допты теуіп, матчты бастап берді. Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің мемлекет басшысы болып сайланғанына 20 жыл толуына байланысты Таулы Қарабақтың бірнеше қаласында ...

    Read More »

    Ресей футбол одағы Азия конфедерациясына мүше болуға қарсы шықты

    Ресей футбол федерациясының (РФФ) атқарушы комитеті Азия футбол конфедерациясына (АФК) мүше болуға қарсы дауыс берді. Атқару комитетінің барлық мүшелері халықаралық турнирлерге қатысу үшін ФИФА кепілдігінсіз Азияға барудың мағынасы жоқ екенін айтты. Бізге Азия керек емес. Біз Еуропада ойнағымыз келеді. Сол үшін күресеміз. Ресей Еуропадағы ел. Біз Азияға бармауды шештік. Барлығы бірауыздан шешімді қолдады, — деді РФФ вице-президенті Ахмад Айдамиров ТАСС ...

    Read More »

    Роналду «Әл-Насрға» қатысты ойын айтты

    Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Royanews басылымына «Әл-Наср» клубына қатысты алдағы жоспарын айтты. Роналду Сауд Арабиясында өмірінің бір бөлігін өткізіп жатқанына еш өкінбейтінін, керісінше клубқа ертерек ауыспағанына өкінетінін жасырмады. «Әл-Наср» тамаша клуб. Командамызға да ығайлар мен сығайлар жиналған. Осындай жер-жүзінің түкпіртүкпірінен таңдаулы ойыншылар бас қосқан командада ойнап жатқанынам қуаныштымын. Мен осы бір үлкен клубпен үлкен жетістіктерге жеткім келеді. ...

    Read More »